Now Reading
Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырауды өткізбеу туралы ұсыныс жасалды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырауды өткізбеу туралы ұсыныс жасалды

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырауды өткізбеу туралы ұсыныс жасалды

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова қорытынды аттестаттау мен қазақстандық мектептердің бітіруші оқушыларына арналған соңғы қоңырауды өткізбеуді ұсынды.

Жұлдыз Сүлейменова атап өткендей 2021 жылғы 28 мамырдан бастап 9 және 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы басталады. Депутат емтихандардың ұзақтығы екі сағаттан бес сағатқа дейін созылатынын, сонымен қатар 2021 жылы 264 469 түлек мектеп оқушылары, мұғалімдер және техникалық қызметкерлер ұзақ мерзімге бір жерге жиналатынын алға тартады. 

Елдегі оқушылар 9 сыныпта үш емтихан тапсырады, ал 11 сыныпта 154 816 оқушы төрт емтихан тапсырады. Жалпы алғанда 400 мыңнан астам оқушының COVID-19-жұқтыру қаупі жоғары болып отыр. «Аралас оқыту жүйесі барысында мектеп оқушылары арасында вирус жұқтыру фактілері орын алған. Бүгінгі таңда 25-мамырға арналған қорытынды аттестаттау мен салтанатты шаралар өткізуді балалардың денсаулығына қажетсіз және негізсіз қауіп деп санаймын. Осыған байланысты 9 және 11 сыныптардағы қорытынды аттестаттаудан бас тартуды және 2020-2021 оқу жылының жылдық бағалары негізінде қорытынды бағаны қоюды ұсынамын. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар. Өткен жылы коронавирустық пандемияға байланысты Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 9 және 11 сыныптардың қорытынды аттестациясы өткізілмеді. Қорытынды бағалар оқу жылының жылдық бағаларына негізделді. Сондай-ақ 9 және 11 сынып оқушылары үшін соңғы офлайн қоңырауды алып тастауды ұсынамын. Аттестаттаудың нәтижелері студенттерді колледждер мен университеттерге қабылдау мүмкіндіктеріне ешқандай әсер етпейді», — деді Жұлдыз Сүлейменова Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа өтініш жолдап. 

Ол тиісті заңнамалық актілерде пандемия мен қашықтықтан оқыту жағдайында қорытынды аттестаттауды өткізудегі икемді тәсілдерді өзгерту мен реттеуді ұсынды. 

«Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру процесі 6 мамырда басталуына байланысты жергілікті атқарушы органдар бас санитарлық дәрігерлермен бірге ҰБТ тапсыру пункттеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау топтарының тиімділігін арттыру бойынша жауапкершілікті күшейтуі керек. Сонымен қатар осы ҰБТ тапсыру пункттерінің «бір түлек — бір компьютер — бір камера» қағидаты бойынша мектеп оқушыларын қабылдауға дайындығы және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, оның ішінде қашықтық талаптарына сәйкестігі, жеке қорғаныс құралдарының, тазартқыштар және желдету жүйелерінің дайындығы туралы ақпарат ұсынуды өтінеміз», — деді депутат.

 

 

 

 

 

 

 

Источник: 24.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×