Оқу 24 мамырда басталады.
17 мамырда Қазақстанның барлық облыстары «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ақысыз оқуға өтінімдер қабылдай бастайды. Екінші ағымға қатысушылар блім алуды 24 мамырда бастайды.
Өтінімді atameken.co веб-сайтында беруге болады. Алдымен оқуға жолдама алу керек.
Жұмыспен қамту орталықтары өтінім берушінің мәртебесін жобаның төменде көрсетілген мақсатты тобына сәйкестігін растаған соң жолдама береді:
• жұмыспен қамту орталықтарына тіркелгеніне қарамастан, жұмыссыздар;
• мүгедектер (егер медициналық қорытындыға сәйкес олардың денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі болмаса немесе олардың денсаулығына және басқа адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмесе);
• зейнет жасына жетпеген 50 жастан асқан адамдар;
• жастар, оның ішінде NEET санаты;
• аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері;
• зейнеткерлік жасқа жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтар, оның ішінде якорлық кооператив мүшелері;
• қоныс аударушылар мен оралмандар;
• үш жылға дейінгі жеке кәсіпкер мәртебесі бар жас кәсіпкерлер.
Сайтқа екі жағын да сканерден өткізген жолдама мен жеке куәлікті жүктеу қажет (құжаттар сапалы суретке түсірілген болуы тиіс), электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркеуді растау қажет. Өтінімнің мәртебесі жеке кабинетте көрсетіледі. Егер барлық мәліметтер дұрыс толтырылса, өтінім мақұлданады. Егер өтінімде құжаттардың біреуі болмаса немесе олар сапасыз болса, өтініш қабылданбайды.
Содан кейін бірнеше ағындық топтар құрылады. Әрқайсысына бизнес-жаттықтырушы тағайындалады. Оқу мерзімі үш аптадан аспайды. Биылғы оқу «Atameken Academy» платформасында онлайн тәртіпте өтеді. Жүйе 12 модульден және 63 бейне оқулықтан тұрады. Күніне ең көбі 11 сабақ ашылады. Бағдарлама бизнес-жаттықтырушылармен жеке консультациялардан тұрады. Оқыту аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.