Now Reading
Агрегаторлар арқылы инватакси: қызмет 138 мыңнан астам рет алынды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Агрегаторлар арқылы инватакси: қызмет 138 мыңнан астам рет алынды

Агрегаторлар арқылы инватакси: қызмет 138 мыңнан астам рет алынды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (Еңбекмині) бастамасымен Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматыда бұл қызметті 138,1 мың рет алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметтерін 207,2 мың рет пайдаланған.

Бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдарға арналған такси қызметін көрсетудің сапасы мен жылдамдығын арттыру мақсатында оның тетігін өзгерту туралы шешім қабылдады, өйткені қолданыстағы нормативтік құжаттарда бірқатар шарттар бар. Мысалы, азаматтар қызметті алудан бір күн бұрын телефон арқылы қабылдауға жазылуы керек, бұл оларды сапарларын алдын ала жоспарлауға, мүгедектігі бар жандарға арналған таксидің келуін күту, сонымен қатар көлік тапшылығы мәселесі және т.б. 

Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жоба басталды.

Маңызды шарт, әдетте агрегаторлық платформалардың пайдасына шегерілетін жолақы төлемдері бойынша пайыздардың болмауы болды. Яндекс пилоттық жобаға ерікті түрде қатысуға ниет білдірді.

Пилоттық бағдарлама аясында азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси аясында жеңіл автокөліктерге тапсырыс бере алады. Бұл қызмет алушы үшін автокөлікті жылдам таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс күйін қадағалауға және аяқталған сапарларды бақылауға мүмкіндік береді. Бұл қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше тілектер туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде жүргізушілер жолаушыны көлікке орналастыруға және одан шығуға көмектесу сияқты арнайы нұсқаулар алады.

Ағымдағы жылы жобаны пилоттық режимде жүзеге асыру жалғасуда, оған Астана және Алматы қалаларының мүмкіндігі шектеулі жандардың фокус-топтары қатысуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа аймақтарына да кеңейту жоспарлануда.

Ағымдағы жылы жобаны пилоттық режимде жүзеге асыру жалғасуда, оған Астана және Алматы қалаларының мүгедектігі бар адамдардың фокус-топтары қатысуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа аймақтарына да кеңейту жоспарлануда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×