Now Reading
Елордада «Үркер» аула клубы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада «Үркер» аула клубы ашылды

Елордада «Үркер» аула клубы ашылды

Бүгін елордада Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана Жастары» КММ қолдауымен 28-ші аула клубы ашылды.

Аула клубының ашылу салтанатында Есіл ауданы әкімі Берік Жакенов құттықтау сөз сөйледі. «Құрметті тұрғындар, мен Сіздерді аула клубының ашылуымен құттықтаймын! Бұл Үркер тұрғын алабындағы алғашқы аула клубы. Бұл клуб елордалық мәслихат депутаттары мен белсенді тұрғындардың қолдауымен ашылды. Бұл клуб біздің жас ұрпағымызға жаңа хобби мен дағдыларды игеруге көмектесетініне сенімдімін», — деді аудан әкімі.

Өз кезегінде елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров аула клубы тек жастардың ғана емес, қарттардың да демалу орнына айналатынын атап өтті.

«Біздің жас ұрпақтың көңілді уақыт өткізуі үшін осындай аула клубтарын көптеп ашу керек. Осыған орай қала әкімі Алтай Сейдірұлының тапсырмасы бойынша 28-ші аула клубын ашып отырмыз. Мен аудан әкімі Берік Оралұлына және Үркер шағын ауданының белсенді тұрғыны Алла Аскерқызына алғысымды білдіргім келеді», — деді Қайрат Қамбаров.

«Астана жастары» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулиннің айтуынша, «Үркер» аула клубы 300-ге жуық адамды қабылдай алады, бірақ клубқа жиналатын адамдар саны карантиндік шараларға байланысты болады.

«Ильинка тұрғын алабының бір бөлігі осы «Үркер» аула клубы аясында демалыспен қамтылатын болады. Бұл біздің бөлімшеге қарасты 28-ші клуб, мұнда балалар ақысыз спорттық және шығармашылық үйірмелерге қатыса алады. Бұл аула клубы сонымен қатар жақын маңдағы үйлер мен барлық жастағы адамдардың демалатын орны болады. Біздің аулалық клубтардың барлығы жақын маңдағы үйлер мен көршілердің демалатын орны ретінде ашылуда. Секция мен үйірмелерге қатысатын балалар, негізінен әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардың балалары. Біздің аға буын тоғызқұмалақ, шахмат турнирлерін ұйымдастыра алады», — деді Шыңғыс Тілеулин.

Клубта хор, экологиялық зертхана, үстел теннисі, аспаздық курстар, тоғызқұмалақ, футбол сияқты секциялар болады. Болашақта секциялар санын 15-ке дейін көбейту жоспарланып отыр.

Аула клубы Сыпыра жырау1 мекенжайында орналасқан.  

 

 

 

 

 

 

 

Источник: elorda.info

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×