Now Reading
Петропавл қаласында әлеуметтік қызметкер зейнеткердің пәтерін иемденіп алған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Петропавл қаласында әлеуметтік қызметкер зейнеткердің пәтерін иемденіп алған

Петропавл қаласында әлеуметтік қызметкер зейнеткердің пәтерін иемденіп алған

Петропавл қаласында тыл еңбеккерінің туыстары әлеуметтік қызметкерге алаяқтық жасады деп айып тағып отыр.  Зейнеткер қарттар үйіне қоныс аударып, пәтеріне меншік құқығын әлеуметтік қызмет жұмыскеріне берген. 

Зейнеткердің жалғыз жақын туысы – шетелде тұратын немересі бұл туралы интернеттің арқасында білген. Әлеуметтік желіде қарттарға арналған интернат үйінің қабырғаларындағы суреттерден  немересі әжесін таныған. 

Людмила Носик 2015 жылдан бастап 5 жыл бойы жалғыз өзі өмір сүріп келген. Зейнеткер соңғы жылдары әлеуметтік қызметтерді пайдаланған. Карантин кезеңінде жалғыз немересі әжесіне келе алмаған, пандемия кезінде шекарадан өте алмаған. Өткен жылдың қараша айынан бастап зейнеткерге  басқа әлеуметтік қызметкер тағайындалған. Сол айдан бастап зейнеткердің пәтерінде қалалық телефон сөндірілген. Сол кезден бастап зейнеткердің туыстарымен байланысы үзілген.   

Зейнеткер жарты ғасырға жуық уақыт бойы Петропавл қаласындағы екі бөлмелі пәтерінде тұрып келген. Пәтерін 1984 жылы алған, содан бәрі айтарлықтай өзгерістер болмаған. 

Бүгінгі таңда пәтер кілті және тұрғын үй меншік құқығын растайтын құжаттар әлеуметтік қызметкердің қолында. Барлық құжаттарға зейнеткер өзі қол қойған. Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында сенімхат нотариалды куәландырылған, сәуір айының басында пәтерге сыйлық актісі жасалған, сәуір айының  ортасында қария қарттар үйіне түскен. 

Зейнеткерді қарттар үйіне алып кеткен кезде Людмила Петровнаның жанында тек жеке куәлік пен екі көйлек болған. Қария екі апта қарттар үйінде болған. Немересі зейнеткерді қайдан іздейтінін білмеген, егер әлеуметтік желідегі кездейсоқ фотосурет болмағанда қария немересімен кездеспей кетуі де мүмкін еді. 

Л.Носиктің немересі Наталья Середа: 

— Әжем әрине бәріне қол қойып береді. Барлық құжаттардың фотосуреттері бар, құжаттардың бәрі әжемнің қолымен емес, бөтен адам жазғаны анық.  Тек төменгі жағына қолы ретінде ебедейсіз етіп  Носик деп тегін жазыпты. 

Көршілері жағдайдан бейхабар. Әжеге бірдеңе болып қалмады ма деген үреймен есікті бұзу үшін  төтенше жағдайлар қызметін шақырған. Төтенше жағдайлар қызметі келген, оған анықтамалар дәлел. Бірақ әлеуметтік қызмет жағдайдың бәрін білген, бәрі ресми, бәрі заңды болғандығын алға тартады. 

Людмила Петровнаның немересі пәтерді иемденген әлеуметтік қызметкермен телефонмен сөйлескен:

— Людмила Петровнаның өзі  сізге пәтерін бергісі келді ме? 

— Иә. 

— Қарттар үйіне өзі барғысы келді ме? 

— Иә. Менің телефонымның қуаты таусылып жатыр, сөйлесе алмаймын. 

— Осы ісіңіз үшін ұялмайсыз ба?

  Жоқ. – қария немересі мен әлеуметтік қызметкер арасындағы диалог осындай болған. 

 Сот төрелігіне жүгіну үшін Наталья Середа полицияға арыз жазған. Мәселе шешілген соң, немересі әжесін өзімен бірге көшіріп алып кетуге көндірген. 

Тыл еңбеккерінің немересі Наталья Середа: 

— Бұл жағдайды барынша тексеру қажет. Мүмкін қалада осындай қулыққа алданған қариялар бар шығар.  Болып жатса, барлығымыз бірігіп біз бұл мәселені шешуіміз қажет. Алданған жалғыз менің әжем емес екеніне сенімдімін. 

Әлеуметтік қызметкерлерді мұқтаж азаматтарға жіберетін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қала әкімі орынбасарының түсіндірмесіне сілтеме жасай отырып, жағдайға түсініктеме беруден бас тартты. Неге қала әкімінің орынбасары бұл мәселеде құзыретті адамдардың орнына түсініктеме беруі керек? 

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин,

 — Қарттар үйіне сол азаматтың өтініші бойынша қабылданады. Егер азамат өз еркімен қарттар үйіне барғысы келетінін білдірсе, онда бұл өтінішті комиссия қарастырып, шешім шығарылады. Бұған әлеуметтік қызметкердің қатысқаны туралы ақпарат немесе осы ақпаратты растайтын фактілер жоқ. Іс аяқталғаннан кейін тиісті шешім қабылдаймыз. Егер шынымен де құқық бұзушылық фактілері орын алса, онда  әлеуметтік қызмеркер жұмыстан шығарылады. Қазіргі уақытта жағдайдың бәрі заң аясында іске асырылған, ешқандай заң бұзушылықтар жоқ болып отыр.

Бүгінгі таңда әлеуметтік қызмет қызметкері жұмысын жалғастыруда. Оның қарамағында 8 адам бар. Полиция бөлімі аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде екендігін хабарлады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: 24.kz

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×