Now Reading
2025 жылға дейін инклюзивті білім беру еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждеріне енгізіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 2025 жылға дейін инклюзивті білім беру еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждеріне енгізіледі

2025 жылға дейін инклюзивті білім беру еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждеріне енгізіледі

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау 2014 жылы Партия Көшбасшысының бастамасымен қолға алынған. Бүгінгі таңда «Кедергісіз келешек» жобасының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Нұр Отан» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып табылады. 2025 жылға дейін барлық колледждер мен университеттерде, сондай-ақ мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың 70%-ында инклюзивті білім беруді енгізуді қамтамасыз ету міндеті қойылды.

6 жылдан астам уақыт бойы «Болашақ» қорының жұмысының негізгі бағыттарының бірі — «Әр бала мектепке лайықты» инклюзивті білім беруді дамыту жобасы болды, — деп жазды Б.Байбек.

Бүкіл Қазақстан бойынша 2 мыңнан астам ерекше балаларды қамтитын 59 мамандандырылған оңалту мекемелері мен бөлмелері ашылды. Соның ішінде 16 бөлмені «Қамқорлық» — Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаржыландырады. 420 жоғары білікті жұмыс орны құрылды, 1300 маман мен ата-ана оқытылды. Мемлекеттік деңгейде жүйелі шешім қабылдау үшін қор 78-ден астам ұсыныстар мен заңнамалық актілерге түзетулер енгізді.

Бауыржан Байбек БҰҰ-ның бастамасымен жыл сайын 2 сәуір Аутизм проблемасы бойынша Дүниежүзілік ақпарат тарату күні ретінде аталып өтетіндігін еске салды. Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 160 мыңнан астам бала бар, оның ішінде аутизммен ауыратын 35 мың бала бар.

«Сондықтан 5 жылдан бері «Болашақ» қоры инклюзивті білім беруді қамту бойынша ең үздік материалға Республикалық конкурс өткізіп келеді. Биыл 40-тан астам бұқаралық ақпарат құралдарынан 138 жұмыс ұсынылды. Марапаттау кезінде барлық қатысушыларға «Әр бала мектепке лайық» жобасын қолдағаны үшін, сондай-ақ қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін алғысхаттар табысталды. Мен сондай-ақ барлық қамқор меценаттарға, кәсіби мамандарға және ата-аналарға үлкен алғыс айтамын! Түсінбеушілік пен немқұрайлылықты жеңу, толеранттылық қатынасты қалыптастыру, әрбір ерекше баланы әлеуметтік ортаға тарту — біздің ортақ міндетіміз», — деп қорытындылады Бауыржан Байбек.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×