Now Reading
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде көпбалалы құтқарушы жұмыс істейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде көпбалалы құтқарушы жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде көпбалалы құтқарушы жұмыс істейді

15 мамырда бүкіл әлемде Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Бұл мерекені БҰҰ Бас ассамблеясы 1993 жылы 20 қыркүйекте белгілеген.

Халықаралық отбасы күні мерекесі көпшіліктің назарын қазіргі таңда отбасы проблемаларына аудару мақсатында белгіленген.

Қазақстан — тұрғындары отбасылық байланыстар мен жылы отбасылық қатынастарды жоғары бағалайтын ел. Қазақстандықтар үщін отбасы сарқылмас қолдау мен қуаныштың, қуаныш пен өзара көмек көзі.

ШҚО ТЖ департаментінде жұмыс істейтін Әсет Сейілхановтың үлкен отбасы бар. Бұл отбасы бес баланы тәрбиелеп отыр — 2 ұл, 3 қыз. Кішісі Адина 2 жаста, үлкен ұлы 14 жаста, есімі Еркебұлан. Бүгінгі таңда отбасы алтыншы баланың дүниеге келуін күтіп отыр. Олардың әкесі Әсет Сейілханов — ШҚО ТЖД ММИ мамандандырылған отрядының бастығы, ол ел қауіпсіздігі қызметінде 2004 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын Жарма ауданының Әуезов ауылында қарапайым өрт сөндіруші ретінде бастаған.

«Әр адам үшін өмірдің маңызды құрамдас бөлігі — отбасы. Менің отбасым — менің Отаным, өмірлік қазынам. Мен қызметте жүргенде, жарым Нұргүл бала тәрбиесімен айналысады. Мен өзім көпбалалы отбасынанмын. Әр адамға осындай бақытты тауып, отау құрып жылы ошақ иесі атануын тілеймін», — деді Әсет Сейілханов.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...