Now Reading
Солтүстік Қазақстан облысында балаларға арналған спорт секциялары тегін болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Солтүстік Қазақстан облысында балаларға арналған спорт секциялары тегін болады

Солтүстік Қазақстан облысында балаларға арналған спорт секциялары тегін болады

Солтүстік Қазақстан облысы мамыр айынан бастап мемлекеттік спорттық-шығармашылық тапсырысты жүзеге асыруға кіріседі.

Аймақта 4 пен 17 жас аралығындағы балаларға арналған секциялар мен үйірмелер ақысыз болады.

Әкімдіктің отырысында дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Сергей Мелехов балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының шығармашылық үйірмелерін жан басына қаржыландыру қосымша 1030 бала, мүмкіндігі шектеулі 62 баланы қамтитынын айтты.

Футбол, теннис, бокс, көркем гимнастика, каратэ, жүзу, таэквондо, спорттық би және шахмат секциялары тегін болады.

«Балалар мен жастардың жылдан жылға спортқа деген қызығушылықтары артып келеді. Балалар спорт залдарына көбірек барады. Меніңше, ата-аналар мұндай әдеттерді барынша қолдайтыны сөзсіз. Балалардың гаджеттерді пайдалануы да азаяды», — деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...