Облыстың ұлттық құрамасында үш алтын, үш күміс және бір қола жүлде бар, деп хабарлады Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының есту қабілеті бұзылған жүзуші спортшылары арасында чемпионатта 90 спортшы жарысқа түскен. Ақмола облысының атынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубының 5 жүзуші спортшысы жарысқа қатысты. Алина Синельникова 100 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанды, 50 метрге еркін және 100 метрге шалқалап жүзуде күміс медаль жеңіп алды. Дмитрий Сальников 100 м және 50 м баттерфляй әдісімен жүзуде екі алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ оның 50 м фристайлда қола медалі бар. 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Қажыбай Аман екінші орынды иеленді.