Now Reading
Қазақстанның мектеп бағдарламасына Тоғызқұмалақ пен Асық ату енгізіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанның мектеп бағдарламасына Тоғызқұмалақ пен Асық ату енгізіледі

Қазақстанның мектеп бағдарламасына Тоғызқұмалақ пен Асық ату енгізіледі

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов спорт пен дене шынықтыруды дамыту саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы айтты.

«2020 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң ФДБЖК және медициналық-физикалық диспансерлер желісін кеңейтуге, халықпен жұмыс істейтін штаттық спорт нұсқаушыларын қамтамасыз етуге, спорттық медицина мен адаптивті дене шынықтыру саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасау, мемлекеттік спорт пен шығармашылық тапсырыстарды қаржыландыруды қарастырады», — деді Ерлан Қожағапанов Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында. 

Сондай-ақ Заң аясында қазақша күрес, тоғызқұмалақ және асық атуды білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлерінің міндетті компоненті  ретінде енгізу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерін жан басына қаржыландыру бойынша мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстар арқылы нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуден өткізілді. 

«Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жан басына қаржыландыру платформасы арқылы барлық аймақтар қатысатын мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстар тетігі жүзеге асырыла бастады. Осы нормалардың қабылдануы бұқаралық спорттың, оның ішінде балалар спортының дамуына оң әсер етеді деп ойлаймын. 2020 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №242 қаулысымен 2020-2025 жылдарға арналған дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту үшін бекітілген кешенді жоспарға сәйкес білім беру ұйымдарында қосымша спорт секцияларын ашу, мектеп және оқушылар спорт лигаларын құру, мектептерді спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», — деп қорытындылады спикер.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...