Now Reading
Депутаттар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің зейнеткерлік жасын төмендетуді ұсынды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Депутаттар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің зейнеткерлік жасын төмендетуді ұсынды

Депутаттар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің зейнеткерлік жасын төмендетуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың зейнеткерлік жасын төмендетуге шақырды.

«Қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеу қызметкерлердің денсаулығына кері әсер етеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің елде өмір сүрудің орташа ұзақтығы 2020 жылы ерлерде 67 жас, әйелдер үшін 75,5 жас болды. Шын мәнінде қауіпті өндірістерде жұмыс жасайтын ер адамдар үшін бұл толыққанды, лайықты қартаю құқығын жүзеге асыра алмауды білдіреді.

1956 жылы КСРО «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның №9 бабында жерасты жұмыстарында, зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда және ыстық цехтарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге жеңілдікпен зейнетке шығу құқығы белгіленді: ерлер жасы 50 жасқа толғаннан кейін және жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес болса, әйелдер — 45 жасқа толғаннан кейін және 15 жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда. Сол кезде ел жойқын соғыстан қалпына келе бастаған, бірақ соған қарамастан жұмысшылардың құқықтары мен мүдделері қатты сақталды», — деді Ерлан Смайлов Мәжілістің жалпы отырысында өзінің депутаттық сауалында.

Депутаттың айтуынша Қазақстан Республикасының осы саладағы мемлекеттік саясатының негізі бюджет шығындарын азайту қажеттілігімен анықталады, бірақ біздің азаматтарымыздың мүдделері қарастырылмаған.

«Сонымен қатар макроэкономикалық, әлеуметтік, демографиялық факторларды талдауға және қарастыруға негізделген кешенді тәсіл қауіпті және зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылардың ерте зейнетке шығуы ұтымды негізге ие және тұтастай алғанда әлеуметтік-экономикалық салаға бірқатар жеңілдіктер әкеледі. Осылайша әлемде жүргізілген әлеуметтік-демографиялық зерттеулер көрсеткендей, зейнеткерлік жастың ұлғаюы ересек тұрғындардың еңбекке қабілеттілігінің айтарлықтай өсуіне әкеледі. Мемлекеттік бюджеттің оларды медициналық және әлеуметтік қамсыздандыруға тиісті шығындарымен Ресей ғалымдары зерттеулердің бірінде келесі цифрларды келтірді — зейнет жасын 1 жасқа көтеру, мүгедек зейнеткерлердің санын 7-9%, 2 жасқа көтерсе — 15-17%, 3 жасқа көтерсе — 24% ұлғайтатыны көрсетілген, — деп атап өтті депутат.

Өндірісте көбіне егде жастағы жұмысшыларды «жеңіл жұмысқа» ауыстыруға тырысып жататынын, бірақ мұндай жұмыс орындарының саны мардымсыз екенін және мұндай жұмысты жеңіл жұмыс деп атауға болмайтындығын баса айтты.

«Сонымен қатар іс жүзінде бұдан нәтижелі жұмыспен айналыспай, жасы үлкен қызметкерлер зейнетке шыққанға дейін жас қазақстандықтардың жұмыс орындарын босқа алып жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл жастар арасындағы жұмыссыздыққа және оларды оқытуға, әр түрлі бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасуға, жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге және мемлекеттік бюджеттің т.б. шығындарына әкеледі.

Сонымен қатар жастар арасындағы жұмыссыздық адами капитал сапасына кері әсер етеді. Шешім зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылардың зейнетке шығу жасын төмендету болып табылады. Оңтайлы зейнеткерлік жасты анықтау үшін 2 әдіснамалық тәсілді қарастыруға болады — қауіпті өндірістегі жұмыс өтіліне сәйкес, мысалы, 20-25 жыл немесе ғылыми негізделген жасты анықтағаннан кейін, мысалы 55 жас және мамандыққа байланысты және жұмыс ерекшеліктеріне қарай.

Қызметкер денсаулығына қарсы көрсетілімдер болмаған кезде және кәсіпорын үшін маман ретінде маңызды болған жағдайда жұмысын жалғастыру құқығын сақтайды», — деп қорытындылады мәжілісмен.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×