Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында жүзуден ашық чемпионат өтуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында жүзуден ашық чемпионат өтуде

Нұр-Сұлтан қаласында жүзуден ашық чемпионат өтуде

Нұр-Сұлтан қаласының «Барыс Арена» спорт кешенінде жастар арасында жүзуден ашық чемпионат өтіп жатыр, — деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа еліміздің 13 аймағынан 240-қа жуық спортшы қатысуда.

«Жарысқа жастары 2005 жыл және одан кіші жастағы ұлдар мен қыздар қатысуда. Жарыс 4 күнге созылады. Барлығы 8 жүзу пәні бар. Олар 100 және 50 метрге жүзу, арқамен жүзу, брасс, көбелек, эстафета, жорғалаулар және тағы басқалар. Біздің спортшылар екі жылға жуық карантинде болды және ешқандай жарыстарға қатыспады. Сондықтан бұл чемпионат балаларға көмек береді, сонымен қатар алдағы жарыстарға шабыт береді деп сенеміз. Өздеріңіз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында: «Біз жасөспірімдерге, балаларға және бұқаралық спортқа үлкен назар аударуымыз керек», — деген болатын. Осыған орай қала әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлының тапсырмасы бойынша біз осындай чемпионатты өткізуге кірісіп отырмыз. Алдағы уақытта біз осындай іс-шараларды басқа спорт түрлерінен өткізетін боламыз», — деді елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен марапатталады. Елорданың тұрғыны Мәди Әшімбаев жарыстан алтын медальға үмітті.

«Мен 14 жастамын. Менің жүзгеніме 8 жыл болды, жүзуді балабақшадан бастаған едім. Мен күніне бір рет үш сағат жаттығамын. Маған қатты ұнайды. Жүзу денсаулыққа пайдалы, барлық бұлшық еттер қозғалады. Мен шамамен 10-15 сайысқа қатыстым: қалалық, республикалық, халықаралық, жарыстардан алған 50 медалім бар. Бұл жолы карантин болып көптеген жарыстардан қалып қойдық. Мен Қазақстан чемпионы болғым келеді. Бұл чемпионатқа келетін болсақ, мен қатысатын жүзудің негізгі түрі – баттерфляй. Менің қарсыластарым өте мықты, сондықтан барынша тырысу қажет», — деді Мәди Әшімбаев.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараны «Mtex management» ЖШС және Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Жарыстар барлық ережелер мен талаптарға сәйкес өткізіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×