Now Reading
«Дарын» байқауы басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Дарын» байқауы басталды

«Дарын» байқауы басталды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-баспасөз мәслихаты кезінде Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Дарын» байқауы басталғанын хабарлады.

Айта кету керек «Дарын» сыйлығы ғылымға, шығармашылыққа, спортқа және басқа да салалардағы жетістіктері үшін жастарға мемлекеттік қолдау ретінде беріледі. Байқау 10 номинация бойынша өтеді: «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық іс-шаралар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы».

29 жасқа дейінгі талантты, белсенді, шығармашыл жастар, халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдер және басқа байқаулардың жеңімпаздары, сонымен қатар әр түрлі салалардың дамуына ерекше үлес қосқан жандар «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері атана алады. Осы жылдар ішінде 294 адам «Дарын» мемлекеттік сыйлығын жеңіп алды.

Биыл 20 мамырда марапатқа өтінімдер қабылдау басталды. Біз барлық талантты жастарды байқауға қатысуға шақырамыз», — деді Шахмардан Байманов. Өтініштер 10 тамызға дейін қабылданады. Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтынан «Жастар саясаты» бөлімінен көруге болады.

Іріктеу критерийлері келесідей: 29 жасқа дейінгі жастар, халықаралық және республикалық жарыстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық ұйымдар, оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер байқауға үміткерлерді ұсына алады.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×