Now Reading
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

«15 мамыр Халықаралық отбасы» күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушы — жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі.

Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін министрлік жанынан арнайы комиссия құрылды. 14 мамыр күні Комиссияның бірінші отырысы өтті», — деді жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов.

Оның айтуынша биыл «Мерейлі отбасы» байқауын өткізудің жаңа ережелері бекітілген. «Енді конкурсқа қатысуға тек отбасылар ғана емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен заңды тұлғалар өтініш бере алады. Барлық 17 жеңімпазға байқаудың лауреаты атағы беріледі. Әділ және ашық конкурс үшін біз өткен жылдардың жеңімпаздары болған азаматтық қоғам мүшелерін облыстық комиссияның құрамына қосуды көздеп отырмыз.

Сондай-ақ, байқауды жергілікті атқарушы органдардың ресми парақшаларында онлайн тәртіпте өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар таңдау критерийлеріне еріктілер мен қайырымдылық шаралары, патронат кірді. Конкурстың мәртебесін көтеру үшін барлық деңгейде ақпараттық қолдау көрсетілетін болады. Барлық отбасыларды байқауға белсенді қатысуға шақырамыз.

Байқауға қатысу үшін құжаттарды 2021 жылдың 15 маусымына дейін тапсыру қажет. Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында орналасқан. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз байқауды Отбасы күні мерекесі қарсаңында өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Шахмардан Байманов.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×