Ақтөбе облысының тұрғыны Наталья Плюшкина жеті баланы өзі тәрбиелеп өсірген, сонымен қатар өзі армандаған үлкен үй салған.
Қаратоғай ауылының тұрғыны Наталья Плюшкина Мартукке 2000 жылдары көшіп келген. Оның үлкен отбасы кішкентай үйде тұрып келген. Бастапқыда кішкентай үй жерді телімімен бірге 20 мың теңгеге сатып алған. Ақшасын алты ай ішінде төлеп шыққан. Ол ақшаны төлеу үшін отбасымен банкалар, темір-терсек, жидектер жинаған.
«Үй салу идеясы біздің үйіміздің қабырғасы құлаған кезде пайда болды. Еш жақтан көмек күте алмадық» дейді көпбалалы ана. 2011 жылы балалармен бірлесіп бақшаның орнына іргетас құйдық, ал алты айдан кейін қабырғалары мен шатырын көтердік.
Келесі жылы үйге газ өткізіп, біртіндеп көше бастадық. Жаңа үйдің ішінде бөлмелері болған жоқ, бірақ төбесі болды, ең бастысы өз үйінде тұруға болатын еді. «Мен баймын. Менің бес ұлым және екі қызым бар! Үлкен зәулім үй — бұл менің бала кезімнен қалған арман болатын. Кішкентай кезімде біздің отбасымызда 13 бала болған, ал біздің кішкентай үйіміз кереуеттерге толы болды. Бірақ мен бала кезімдегідей өмір сүргім келмеді, барлық балалардың жеке бөлмесі болса екен деген оймен бірден үлкен үй салуды жоспарлаған болатынмын. Балалармен бірлесіп болашақ үйіміздің суретін салдық, жоспар құрдық, мақұлдадық және құрылысты бастадық, — дейді Наталья.
Қазір Натальяның кіші қызы 17-де, ол кондитер мамандығында оқиды, ал үлкені 40 жаста. Бүгінде үлкендерінен басқа барлық балалар Натальямен бірге тұрады.
Үй салу қиын болған жоқ, тіпті шаршағанымды байқамадым дейді. Мен балалар үшін барымды салғым келді. Моральдық тұрғыдан сынақ болды. «Мен арасында жыладым, бірақ мен өз-өзімді жігерлендіріп, мен үшін мұны ешкім жасамайтынын түсіндім. Күшті қайдан алғанымды білмеймін. Тек балалар көмектесті, жұмыстан кейін олар түнгі сағат 2-ге дейін келіп кірпіш жасады» дейді кейіпкеріміз.
Наталья жеті баласын әкесінің көмегінсіз және алиментсіз өзі тәрбиелеген. Үйдегі шағын шаруашылығының арқасында ақша тауып, несие алған. Соңғысын мемлекет жабуға көмектескен. Көп балалы ана шалқып өмір сүрмесе де, бастарында баспаналары бар, үйлері жылы, бәрінің дені сау екенін атап өтті.
«Арманыңды қалай жүзеге асыруға болады? Тек «керек» деген сөзді есте сақтау керек. Бар болғаны сол ғана. Сонда бәрі ойдағыдай болады. Бәрін өзіңіз үшін жасауыңыз керек. Сіз арманыңыздан бас тарта алмайсыз. Мен әрқашан іске кіріскен соң оны аяқтау керек деп айтып жүремін. Армандап қана қоймай, сонымен бірге жүзеге асыру керек», — дейді Наталья.