Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар лагерьлері пандемия кезінде жұмыс істейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар лагерьлері пандемия кезінде жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар лагерьлері пандемия кезінде жұмыс істейді

Елордалық оқушылар Ақмола облысындағы балаларға арналған жазғы лагерьлерде демала алады.

Келесі лагерьлер жұмыс істейді:

— 240 орындық «Арман» туристік-сауықтыру кешені;

— 160 адамға арналған «Боровичок» сауықтыру орталығы.

Бұл туралы астаналық білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова брифинг барысында хабарлады.

Бұл лагерлер қаладан 100 км қашықтықта орналасқан. 7 маусымнан 10 тамызға дейін барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 10 күндік бес маусымды ұйымдастыру жоспарланған.

Аймақ «қызыл» аймақта болған кезде лагерьлердің толу деңгейі 30%, «сары» аймақта 50% дейін, ал «жасыл» аймақта шектеусіз көлемде болады.

«Ақмола облысында санитарлық дәрігерлерден және төтенше жағдайлардан рұқсат алу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ағаш конструкцияларын отқа төзімді бояулармен өңдеу, электр энергиясына, өртке қарсы дабылға және басқаларға келісімшарттар жасау. Қызметкерлер құрамы кеңесшілер, тәрбиешілер, медициналық қызметкерлер, аспазшылар мен техникалық қызметкерлер жинақталды», — деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар балалардың жазғы демалысын әл-Фараби мен Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында тамақтандырусыз, бірақ санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Лагерьге қабылданған кезде жұмысшылар мен балаларды күнделікті таңертеңгі сүзгіден өткізу, дезинфекциялау құралдарымен жалпы тазарту, сондай-ақ отрядтар мен топтарды оқшаулап, гигиеналық білім беру бойынша педагогикалық жұмысты күшейту және әлеуметтік арақашықтықты сақтау арқылы ашық ауада барынша көп жұмыс жасау жоспарланған.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×