Now Reading
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 7,1 миллиард теңгеге ұлғайтылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтанда әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 7,1 миллиард теңгеге ұлғайтылады

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 7,1 миллиард теңгеге ұлғайтылады

Әлеуметтік шығындар 194 миллиард теңгені немесе Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің 33 пайызын құрайды. Бұл туралы елордалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараев мәлімдеді.

«Меншікті кірістер жиынтығын талдау кірістер жоспарының 385,6 млрд. теңгеге жетіп, 34,1 млрд. теңгеге ұлғайғанын анықтады. Салықтық түсімдер бойынша жоспардың резервтік қорытындысы 27,5 млрд.теңгені құрады, ал корпорациялық табыс салығы — 24,5 млн. теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарды 4,2 млрд.теңгеге, оның ішінде нақты алынған айыппұлдар есебінен 2,2 млрд.теңгеге ұлғайтып 6,6 млрд.теңгеге дейін жеткізу ұсынылады. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша 800 миллион теңгеге, оның ішінде 653 миллион теңгеге пәтерлерді жекешелендіру есебінен ұлғайтып 25 миллиард теңгеге дейін жеткізу көзделген. Бюджеттік несиелерді қайтарудан түсетін түсімдер бойынша — «Даму» қорының қайтарымы қаражаты есебінен 1,5 млрд. теңгеге ұлғайту көзделген, — деді Қайсар Манқараев. 

Барлығы қосымша қаржыландыру 39 миллиард 550 миллион теңгені құрайды. Әлеуметтік саланы қаржыландыру көлемі 7,1 миллиард теңгеге ұлғайтылады. Жалпы әлеуметтік шығындар 194 миллиард теңгені немесе жалпы бюджеттің 33 пайызын құрайды. 

«Білім басқармасы жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жұмыс істегені үшін, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге, сондай-ақ кезекші және аралас сынып мұғалімдеріне жалақы төлеуге қаражат бөледі», — деді. Қ.Маңқараев.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...