Now Reading
1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында жаңа серуен жолы ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында жаңа серуен жолы ашылады

1 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында жаңа серуен жолы ашылады

Енді серуенге ешбір жиектеме кедергі бола алмайды. Жастарға да, қарттарға да ыңғайлы жол ашылмақ. Нұр-Сұлтан қаласы біртіндеп жаяу жүргіншілер қаласына айналуда.

Жаздың бірінші күні елордада бірнеше көшені біріктіретін тұтас серуендеу жолы ресми түрде ашылады. Бүгінде елордадағы Республика даңғылы жөнделуде, даңғыл бойындағы тозығы жеткен ескі төсемені толығымен жаңарту туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Республика даңғылында жаңа қоғамдық орындарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде, — дейді Қалалық орталық басшысы Эльнар Базикен.

— Республика даңғылы бойындағы аулаларға кіру жолдары көтерілген жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы жүзеге асырылады. Себебі біз қазіргі кезде халықтың аз қозғалысты тобы 30% -дан асатынын білеміз. Осы 15 сантиметрден төмен түсу бәріне бірдей қолайлы емес.

Бұл көпшілік үшін тосын жайт, бірақ іс жүзінде жаяу жүргіншілер өткелін көтеріңкі етіп жасау әлемдік тәжірибеден алынып отыр. Әдетте жаяу жүргіншілер жолы жиектемемен тураланып, оны 15 сантиметрге көтеріп жасайтын. Елордада Омаров пен Әуезов көшелерінің қиылысында осы тәсіл пайдаланылған. Жаяу жүргіншілер өз бағаларын беріп үлгерді. Егде жастағы адамдар үшін, арбалы мүгедектігі бар жандар үшін жұмсақ асфальт ыңғайлы болады. Бұл елордадағы осы тәсілмен жасалған жалғыз жол емес.

Қалалық орталық басшысы Эльнар Базикен:

— Шұбар шағын ауданында жоғары көтерілген жол бар. Енді ол Республика даңғылы бойында Бейбітшілік көшесінің тұсында пайда болады, Мәмбетов көшесінде бүкіл көшені бір деңгейге көтерген едік.

5 маусымнан бастап бұл көше демалыс күндері жаяу жүргіншілер жүретін жол болады. Жұмыс күндері жол бөлігі қоршаулармен қоршалады.

1 маусым күні «Театралный» жаяу жүргіншілер бульварының ашылуы болады. Сонымен бірге мұнда балаларға арналған ойын элементтері бар субұрқақтар жұмыс істей бастайды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×