Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың 1 қыркүйекте мектепке баратыны туралы сұраққа жауап берді.
«Қазір біз баланы мектепке жібереміз бе, жоқ па деп ойланып отырмыз. Менің балам алты жаста, егер қашықтықтан оқыту бағдарламасы болса, оны мектепке жеті жасында жібереміз бе?» — деген сұрақ қойылды министрге.
«Өте орынды сұрақ, бірақ жауап келесідей болады: барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, өзімізге және біздің жүріс-тұрысымызға байланысты: егер біз тұрғындардың көп бөлігін вакцинациялай алсақ және барлық санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтайтын болсақ, барлығы болады деп сенеміз, қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарын, әрине, мектептерді ашуға болады», — деп жауап берді Аймағамбетов.
Министр балалардың мектепті, достарын және мұғалімдерін қатты сағынатындығын атап өтті.
«Мұғалімдер де мектепті сағынып, дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді, бірақ жалпы біз барлығымыз тезірек дәстүрлі білім форматына оралғымыз келеді.
Бірақ бұл бәрімізге, бүкіл қоғамға байланысты жағдай. Бүгінгі күні вакцинацияның қарқыны және мемлекет эпидемияға қарсы қабылдаған шаралар жемісін беріп, біз мектептерді ашып, дәстүрлі форматқа ораламыз деп үміттенуге негіз береді. Жағдайдың өрбу барысы бәрімізге байланысты болады», — деп қорытындылады Білім және ғылым министрлігінің басшысы.