Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған теннис корты ашылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған теннис корты ашылады

Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған теннис корты ашылады

Бұл кортта балалар теннисті тегін ойнай алады.

Еліміздегі алғашқы әлеуметтік корт Нұр-Сұлтан қаласында ашылады, оған ерекше қажеттіліктері бар балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы балалары ақысыз қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты. Теннис сабақтары «Дәулет» теннис орталығында өтеді.

Қаланың саябақтары мен мектептерінде қолданыстағы алаңдарды теннис корттары үшін қайта жабдықтау жоспарланып отыр.

   Бүгінде мыңға жуық бала теннис ойнайды. Жобаны жүзеге асыру теннис ойнайтын балалар  санын 10 мыңға дейін арттырады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз балалар мен ересектерді бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасау үстіндеміз. Бұл біздің спортқа енді бет бұрған спортшыларға көмегін тигізеді. Жаңа спорт кешендері мен алаңдары спорттың әр түрінің дамуын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

«Дәулет» теннис орталығының жетекшісі Дина Темірғалиева балалар жыл бойына теннис ойнай алатындай жағдай жасалатынын айтты.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...