Now Reading
Украин компаниясы қураған жапырақтардан қағаз жасап шығаруда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Украин компаниясы қураған жапырақтардан қағаз жасап шығаруда

Украин компаниясы қураған жапырақтардан қағаз жасап шығаруда

Житомир қаласында Re-leaf компаниясы қураған жапырақтардан қағаз шығаратын өндірісті іске қосты.

Өнімдер сатылымы 25 мамырда басталды, деп хабарлады компания. Кейбір өнімдерге сайтта тапсырыс беруге дайын. Сонымен қатар эко-қағаз орамдарын және A4, A3 және A2 форматындағы түрін де сатып алуға болады. Жақында әр түрлі көлемдегі қағаз пакеттер сатылымға шығады.

Өндірушілер жақында қураған жапырақтардан екі тонналық қағаздың жаңа партиясын жасадық дейді. Крафт қағазының тығыздығы 80 г/м2 немесе 90 г/м2 және сәйкес физикалық-механикалық сипаттамалары бар. Осының арқасында қағазды орамға, сөмке жасауға және басқа қажеттіліктерге қолдануға болады.

Мұндай қағазды жасау үшін ешқандай ағаш кесілмейді, ал өндірістік цикл СО2 шығарындыларын едәуір төмендетуі мүмкін. Сондай-ақ өндірушілер зиянды химиялық қоспалар қолданылмайтынын, сондықтан қағаз барынша экологиялық таза болатындығын айтады.

Re-Leaf компаниясы қураған жапырақтардан қағаз жасау технологиясын Закарпатияның тумасы Валентин Фречка мектеп жасында жасап шыққан. 2019 жылы технология мамандандырылған жабдықта сәтті сынақтан өткен. Қураған жапырақтардан шыққан қағаздардың алғашқы коммерциялық партиясы 2020 жылдың күзінде шығарылды. Компания өндіріс процесі мен нәтижесін видео ретінде жариялаған.

Re-leaf компаниясы алдағы уақытта айына бес тонна қағаз шығаруды жоспарлап отыр.

Фомин ботаникалық бағында қайта өңделген пластиктен жасалған ерекше орындық орнатылған. Арт-нысанға «Диалог» деген атау берілді. Орындық күн панелімен жабдықталған және гаджеттерді зарядтау мүмкіндігі бар.

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×