Now Reading
Дәрігер жәндіктерден сақтану жолдарын айтты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Дәрігер жәндіктерден сақтану жолдарын айтты

Дәрігер жәндіктерден сақтану жолдарын айтты

Орталық қалалық клиникалық аурухананың терапевті Евгения Брюшинина жазда жәндіктердің шағуынан сақтану үшін жабық киім мен ашық түсті аяқ киім, бас киім кию керек екенін айтты.

Терапевт дәрігер Евгения Брюшининаның айтуынша, жазғы маусымда тәтті хош иісті иіссулардан бас тартқан дұрыс. «Киім дененің көп бөлігін жабуы керек, бұл әсіресе кішкентай балалар үшін өте маңызды. Жеңі мен балағы ұзын ашық түсті киім таңдаған жөн. Мысалы, масалар жұқа матадан шағуы мүмкін. Басқа бас киім, аяққа шұлық киіп жабық аяқ киім таңдаған дұрыс», — деп түсіндірді маман.

Сонымен қатар табиғат аясында серуендеу кезінде репелленттерді – жәндіктерден қорғайтын құралдарды қолдануға болады, деді дәрігер. Бұл репелленттің әсері әдетте бірнеше сағатқа созылады, бірақ қатты терлеу бұл уақытты қысқартатынын атап өтті. Масаларға қарсы репелленттердегі белсенді зат концентрациясы кем дегенде 20% -ды құраған жөн. Алайда репелленттер қансорғыштардан, араларға қарсы тиімді емес.

Соңғы кезде қазақстандықтар масалардың бұрынғыдан да көп болып кеткеніне шағымдана бастады. Атырау мен Семей қаласының тұрғындары кешке үйлерінен шығуға қорқатындықтарын мәлімдеді.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...