Now Reading
Елордада Халықаралық балаларды қорғау күні қалай тойланады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада Халықаралық балаларды қорғау күні қалай тойланады

Елордада Халықаралық балаларды қорғау күні қалай тойланады

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні елордада бірқатар іс-шаралар, оның ішінде  көрмелер, байқаулар, ашық аспан астындағы ойындар, спорттық жарыстар секілді түрлі жиындар өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

1 маусым әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы «Талисман детства» атты ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылымға шақырады. Бұл күні Астаналық циркте «Туған жер» балалар-жасөспірімдер студиясының мерекелік концерті өтеді.

«Жетісу» саябағында Есіл ауданының балалары арасында «Көңілді старттар» өткізіледі, ал №2 өнер мектебі «Яркие краски детства» атты сәндік-қолданбалы шығармашылығынан шеберлік сабағын өткізеді. Сонымен қатар мерекеге орай елордада жас тұрғындар арасында «Балалар фестивалі» жоспарланып отыр.

№3 Балалар музыка мектебі «Сәлем, жаз!» іс-шарасын, ал «Жерұйық» саябағында «Туған жер» балалар-жасөспірімдер студиясының хоры Ділнұр Біржанованың өнерін тамашалауға болады.

«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалды-мұражай кешені 1 маусым күні «Карлаг туралы ақиқат» онлайн-көрмесін өткізеді.

Балалар көркемсурет мектебінде, №2 музыка мектебінде «Тәуелсіздік ұрпағы» бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы үздік арт-нысанға балалар арасында халықаралық байқау өтеді.

Сонымен қатар №1 өнер мектебі «Қош келдің, көңілді жаз!» шығармашылық жұмыстар көрмесін өткізеді.

Сондай-ақ мектеп жанындағы лагерьлердің жазғы алаңында «Балаларға жер шарын сыйлайық!», «Балалардың күлкісі – әлемнің көркі, сәні!» мерекелік шарасы өтеді.

«Шығыс» БЖО мерекеге орай «Арқа алаңы» орталығында «Жас ұрпақ — жарқын болашақ!» атты ұлттық ойындардан жарыс өткізеді.

Балаларға елорданың көрікті жерлерін аралату үшін «Red Bus» екі қабатты автобус экскурсиясы жұмыс істейді.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхана «Жазудың әсем бояулары» атты суреттер байқауына қатысуға шақырады, ал №1 Балалар музыка мектебі «Айналайын баладан» музыкалық көңіл-күй сыйлайды.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×