Now Reading
Асхат Аймағамбетов балалардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың қалай өзгергені туралы айтып берді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Асхат Аймағамбетов балалардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың қалай өзгергені туралы айтып берді

Асхат Аймағамбетов балалардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың қалай өзгергені туралы айтып берді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалар құқығын қорғау туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтып берді.

«Екі жыл ішінде ұлттық заңнамаға енгізілген 83 түзету отбасылар мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың мемлекеттік шараларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Басымдық ретінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қазіргі уақытта мұғалімдер ғана емес, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер де құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың жасаған фактілері туралы немесе олардың белгілері бар әрекеттерге (әрекетсіздікке) қатысты жедел түрде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы хабарлауға міндетті», — деді Үкімет отырысында Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігінің басшысы республикада кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілік күшейтілгенін — бас бостандығынан айыру мерзімі күшейтілгенін еске салды.

Жергілікті атқарушы органдарға ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың ата-аналарының медициналық-әлеуметтік есебін жүргізуге өкілеттік берілген.

«Бұл бізге уақытында әлеуметтік, құқықтық және медициналық-психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Тек 2020 жылдың өзінде балалық шақ саласындағы 22 НҚА (нормативтік құқықтық актілер) қабылданды», — деп қосты Асхат Аймағамбетов.

Жаңа нормалардың ішінде министрліктің террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалту ережелері мен мерзімдерін бекіту құзыретін кеңейту туралы айтылды. Білім беру ұйымдарында және олардың аумағында пайдалануға шектелген және тыйым салынған заттардың тізбесі бекітілді, мектептен тыс ұйымдарға, ТжКБ-ға тамақ өнімдерін сатып алу тәртібі мемлекеттік сатып алу жүйесінен алынып тасталды, жосықсыз қызмет көрсетушілерге тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған конкурстарға қатысуға тыйым салынды.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×