Now Reading
Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілуде

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілуде

Қазақстанда жаздың бірінші күнінде Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтілуде.

Мерекенің тарихы 1925 жылдан басталады, мерекені атап өту туралы шешім Женевада өткен балалар әл-ауқатының бүкіләлемдік конференциясында қабылданған.

Неге дәл осы күн таңдап алынды деген мәселеге тоқталсақ — 1 маусым, нұсқалардың біріне сәйкес, дәл осы 1925 жылы Қытайдың Сан-Францискодағы Бас консулы қытайлық жетім балалар тобын жинап, оларға Дуан-Ву Джи (айдаһар-қайықтар фестивалі) мерекесін ұйымдастырған. Бұл қайырымдылық акциясы балалар мерекесін құрудың бастапқы нүктесі болған.

Балаларды қорғау күні екінші дүниежүзілік соғыстан кейін балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау проблемалары бұрынғыдан да өзекті болған кезде кеңінен таралды. 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтті, онда олар соғысқа дейінгі жақсы іс-шаралар — Балаларды қорғау күнін еске алды. Бұл бастама Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы кеңесінің Мәскеу сессиясында қызу қолдау тапты. 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні (ағылшынша «International Children’s Day») бүкіл әлемде жыл сайын өткізіліп келеді.

Балаларды қорғау күні — бұл балалардың өздері үшін көңілді демалыс қана емес, сонымен бірге қоғамға барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және керемет ата-ана мен болашақта өз елдерінің бетке ұстар азаматы болып өсуі үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігін еске салады.

Халықаралық балаларды қорғау күнінің тіпті өз туы бар. Өсімді, үйлесімділікті, сергектік пен құнарлылықты бейнелейтін жасыл фондағы Жердің белгісі айналасында қызыл, сары, көк, ақ және қара түсті адам бейнелері бейнеленген. Бұл адамның фигуралары алуан түрлілік пен төзімділікті білдіреді. Ортасында орналасқан Жердің белгісі — біздің ортақ үйіміздің белгісі.

КСРО дәуірінде Халықаралық балаларды қорғау күні балалардың құқықтары мен әл-ауқаты туралы баяндамалар және пікірталастар, жаңа балалар фильмдері мен телешоулар көрсетілімдері және балаларға арналған ата-аналарды қатыстыра отырып ұйымдастырылатын спорттық жарыстармен атап өтілетін.

Қарапайым отбасында ата-аналар мен әжелер де мерекені атап өтуге тырысады. Ересектер балаларға сыйлықтар береді, олар үшін әртүрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. Бұл күнді балалар үшін шынымен мерекелік етуге тырысатын қалалардың жергілікті атқарушы органдары бұған көп үлес қосуда.

Биыл коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты көптеген іс-шаралар онлайн тәртіпте өтеді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×