Now Reading
Елордадағы ерекше балалар спортпен қалай шұғылдануда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордадағы ерекше балалар спортпен қалай шұғылдануда

Елордадағы ерекше балалар спортпен қалай шұғылдануда

Нұр-Сұлтан қаласында ерекше күтімді талап ететін және мүгедектігі бар балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар. Онда параспорттың 17 түрімен айналысуға болады. Оның ішінде арбамен билеу, отырып ойнау волейболы, грек-рим күресі, еркін күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, футбол, таеквандо, дзюдо, следж-хоккей және каратэ бар.

Одан бөлек, қалада спортқа жаны құмар балалар мен жасөспірімдер үшін замануи паралимпиадалық орталық жұмыс істейді. Аталған орталыққа 700-ден астам бала спортпен айналысуға және өзін-өзі жетілдіру мақсатында келеді.

Холид Рустамов, 6 жаста.

«Мен бірнеше спорт түрімен айналысамын. Пара каратэ, пара жүзумен және боччамен. Маған үшеуі де ұнайды. Аптасына 4 күн бойы паралимпиадалық орталыққа барамын. Онда менің жаттықтырушым бар. Ал одан басқа кезде сауықтыру орталығына барып жаттығу жасаймын, бассейнге түсемін, массажға барамын. Менің арнаным — өскенде пара каратэден Қазақстан чемпионы атану», — дейді 6 жасар астаналық Холид Рустамов.

Қазіргі уақытта Холид жаттықтырушысымен бірге пара каратэден жарысқа дайындалып жатыр. «Баламның денсаулығына қатысты кемшілікті жүкті кезімде білдім, оны дәрігер айтты. Босанғаннан кейін 2 айдан соң, сәби емуден бас тартты және басына су жиналып, соның салдарынан баланың басы шамадан тыс өсе бастады. Содан дәрігерлер тексере келе, балама ашық арқа (spina bifida) диагнозын қойды. Бұл дегеніміз омыртқа жотасы мен жұлынның дамуындағы кемшілік. Оның салдары баланың жетілуіне кері әсерін тигізеді. Мысалы кіші дәреті ұстамайды, аяғынан жүре алмайды және тағы басқа», — деді Холидтің анасы Севара Жамашева. Оның айтуынша балаға осыған дейін 7 ота жасалған және алдағы уақытта тағы 4 ота жасау жоспарланып отыр. Сонымен қатар оталардың барлығы өз елімізде отандық мамандардың көмегімен жасалды. «Алдағы оталар сәтті өтсе, бала жүріп кетеді деген үміт зор. Ең басты мені қуантатыны баламның ойлау, сөйлеу қабілеті ерекше. Айтқан нәрсені тез ұғып алады және ынтасы жоғары. Сонымен қатар ақпаратты қабылдау деңгейі жылдам. Көпшілік ортаға тез сіңіп кетеді, яғни, адамдармен тез тіл табысады. Енді оқу, жазуды үйрену қалып тұр, бұйырса, осы күзде даярлық сыныбына бергелі отырмыз», — дейді Холидтің анасы Севара. Жылдар бойы сауықтыру емі, көптеген ота мен қайсар талаптың арқасында қол жеткізген 6 жасар Холидтің бүгінгі басты жетістігі ол өздігінен арбаға мініп-түсе алатыны.

Жаннұр Жанболатқызы, 10 жаста

«Жаннұрдың ерекшелігін алдымен әжесі байқады. Бала жүре бастағанда бір аяғын сүйреп басатын болды. Біз бірден мамандарға көрсеттік, балаға гемиплегия диагнозын қойды. Ол дегеніміз тамырлардың қысылуынан баланың сол қолы мен сол аяғы баяу қимылдайды, яғни оң жақ секілді белсенді емес. Уақыт созбай, интернет арқылы арнайы орталықты тауып, баланы сол жерге апарып жүрдік. Кейін елордадағы паралимпиадалық орталық туралы естіп-біліп, қазір сонда пара каратэ спорт түрімен айналысып жатыр. Орталықта ерекше балалар үшін барлық жағдай жасалған. Мамандар да білікті», — деді Жаннұрдың әкесі Жанболат Серікбайұлы. Жаннұр бүгінде паратаэквондодан бөлек теннис және парадзюдомен шұғылданады. Әкесінің айтуынша, Жаннұрдың жиі қозғалыста болғаны абзал, себебі спорт арқылы қозғалыс баланың тірек қимылдарының жетілуіне оң әсерін тигізеді.

Жаннұр паратаэквондомен 2017 жылдан бері белсенді түрде айналысып келеді, жарыстарға да қатысып, жүлделі орыннан көрініп жүр. «Қазір біз жеке оңалту бағдарламасы негізінде жұмыс істеп жатырмыз. Яғни, бұл баланың жетіліп, дамуына арналған бағдарлама. Ол бойынша бала жылына 3 рет емхана мен сауықтыру орталықтарында ем алады. Одан соң жылына бір рет толық тексеруден өтіп, денсаулық жағдайын қарайды. Ондағы мақсат – бала алып жатқан емнің әсері мен нәтижесін білу», — дейді Жаннұрдың әкесі. «Мен биыл бастауыш сыныпты бітірдім. Алда жазғы каникул, бос уақытымда спортпен шұғылданатын боламын. Негізі спорттың бірнеше түрімен айналысып жүрмін, атап айтсам, паратаеквондо, теннис, парадзюдо. Соның ішінде паратаеквондо спорты ерекше ұнайды», — деді Жаннұр Жанболатқызы.

Нұрғиса Қуанышұлы, 8 жаста

«Менің жасым 8-де. №85 мектепте оқимын, биыл 1 сыныпты аяқтадым. Маған сауат ашу және математика пәндері ерекше ұнайды. Бос кезімде шахматпен айналысамын, маған шахмат ойнаған ұнайды. Осыған дейін шахматтан жарысқа қатысып мақтау қағазын алдым. Ендігі уақытта шахматпен тұрақты түрде айналысып, үйренуді қолға алдым. Қазір аптасына 4 рет паралимпиадалық орталыққа жаттығуға барамын, одан бөлек Динара Сәдуақасованың шахмат академиясына барып жүрмін және үйде өздігімнен онлайн немесе YouTube арқылы үйреніп, жаттығып жүрмін. Шахматтан басқа жүзумен айналысамын, жақында пара жүзуден жарысқа қатысып, 1 орын алдым», — деді Нұрғиса Қуанышұлы.

Спорттан бөлек, Нұрғиса пианинода ойнағанды ұнататынын айтып өтті. «Баламның көз кінәраты тумасынан. Осыған дейін біраз ота жасалды, қазір жағдайы бірқалыпты, ем алып жүрміз. Баланың диагнозы – глаукома. Соңғы уақытта шахмат ойынына деген құмары артып жүр. Жалпы үйде шахматты 10 жасар ағасы мен әкесі ойнайды, қызығушылық содан туындады деп ойлаймын. Себебі мама, мені шахматқа апаршы деп баламның өзі айтты», — дейді Нұрғисаның анасы Гүлвира Прмағанбетова. Бүгінде Нұрғиса шахматтан ерекше балалар арасында өткен республикалық чемпионатқа қатысып үлгерген. «Ел чемпионатында жүлделі орын алмады, дегенмен біз үшін оның қатысқанының өзі жетістік. Оның үстіне Нұрғиса 15-20 жастағы қарсыластарын жеңіп келді.

Бүгінгі ең басты жаңалығымыз осы маусым айында шахматтан әлем чемпионы, әлемге танымал норвегиялық Магнус Карлсенмен шахматтан онлайн турнир өтеді. Қазір жаттықтырушысымен соған дайындалып жатырмыз. Әрине шахматтан әлем чемпионын жеңбейтіні түсінікті, дегенмен ойын баламның тәжірибе жинауына және оның шахматқа деген ынтасы мен психологиясына оң әсерін тигізеді деген ойдамын», — деді Г. Прмағанбетова.

Осыған дейін Нұрғисаның көзіне өз елімізде және Ресейде ота жасалған, ендігі уақытта Оңтүстік Кореяда ота жасау жоспарланып отыр.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×