Now Reading
Инватакси қызметі аймақтарда қалай көрсетілуі тиіс
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Инватакси қызметі аймақтарда қалай көрсетілуі тиіс

Инватакси қызметі аймақтарда қалай көрсетілуі тиіс

ҚР Индустрия және Инфрақұрылымдық Даму Министрі Бейбіт Атамқұлов мүгедектігі бар жандардың қоғамдық нысандарға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы айтып берді. «Бүгінгі таңда елімізде 136 теміржол вокзалы, 36 автовокзал мен 20 әуежай мүгедектігі бар жандардың кедергісіз қатынау талаптарына сәйкес келеді. Оларға 98 арнайы вагон мен 2 788 арнайы автобус іске қосылды», — деді Бейбіт Атамқұлов халық алдындағы есептік кездесу барысында.

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңын іске асыру үшін (25-б.3-т.) автомобиль, теміржол, су көлігі саласындағы заңнамада мүгедектігі бар жандар ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына және көлік инфрақұрылымы объектілеріне (теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, автобекеттерде және т. б.) кедергісіз қол жеткізуге жағдай жасау бойынша қажетті нормалар көзделгені атап өтілді. Сондай-ақ, осы санаттағы адамдар үшін жеңілдікпен жол жүру заңмен қарастырылған.

Бұдан басқа, мүгедектігі бар жандар үшін (I топ) автомобиль көлігінде жеңілдікпен жол жүру мәселелері көлік туралы заң жобасында көзделген. «Қолданыстағы заңмен жекелеген санаттағы адамдарға қалалық көлікте жеңілдікпен жүруді анықтау бойынша әкімдіктердің өкілеттіктері белгіленді, Министрліктің бұйрығымен жергілікті бюджет есебінен өңірлерде инватакси қызметтерін көрсету тәртібі реттелді. Әрбір 30 таксиге арбамен жүретін мүгедектігі бар жандарды тасымалдауға бейімделген 1-ші таксидің және мүгедектігі бар жандардың көлік құралдарына арналған тұрақтың 10%-ы міндетті түрде бекітілген», — деп түйіндеді ИИДМ басшысы.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×