Now Reading
200-ден астам алматылық көп балалы отбасы балалары тәтті сыйлықтар алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 200-ден астам алматылық көп балалы отбасы балалары тәтті сыйлықтар алды

200-ден астам алматылық көп балалы отбасы балалары тәтті сыйлықтар алды

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған көпбалалы отбасылардың балаларына тәттілер таратуға арналған «Мейірім» қайырымдылық акциясы өтті.

Мейрам күні қайырымдылық акциясын Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы ұйымдастырды.

«Мерекеге орай, демеушілердің қолдауымен біз өз ауданымыздағы көпбалалы отбасылардың балаларына сыйлық тараттық. Екі жүзден астам бала мерекелік сыйлық алды. Мұндай іс-шараларды біз үнемі өткізіп тұрамыз. Мәселен жазда балаларды аптасына бір рет ауылға апару жоспарланған. Карантиндік шараларға байланысты кейде кейбір іс-шаралардың күшін жоюға тура келеді», — деді Түрксіб ауданының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының үйлестірушісі Абзал Әуелбеков.

Түрксіб ауданының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы өз жұмысын 2019 жылдың тамыз айында бастады. Орталық аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында кеңес беру, тренингтер, ақпараттық-әдістемелік қызметтер, сондай-ақ құқықтық және психологиялық көмек көрсетеді.

«Біздің орталық тігін, шаштараз, макияж, ұялы телефондарды жөндеу, маникюр, кірпік шебері, балалар мен ересектерге арналған массаж, SMM маркетинг, компьютерлік сауаттылық, киізбен жұмыс жасау сияқты курстар өткізеді. Біздің міндетіміз — аз қамтылған отбасылардың өмір сапасын жақсартуға көмектесу», — деп атап өтті Абзал Әуелбеков.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×