Now Reading
Көзі нашар көретін қарағандылық домбырашы халықаралық фестивальдің Гран-при иегері атанды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Көзі нашар көретін қарағандылық домбырашы халықаралық фестивальдің Гран-при иегері атанды

Көзі нашар көретін қарағандылық домбырашы халықаралық фестивальдің Гран-при иегері атанды

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған халықаралық «Жұлдызай» онлайн-фестивалінің қорытындылары шығарылды. Қарағандылық Нұрдәулет Сағатбек фестивальдің жалғыз Гран-приін жеңіп алды.

Жас таланттар төрт номинация бойынша бақ сынады: вокал, хореография, аспаптарда ойнау, қимылмен ән айту. Жарысқа Қазақстаннан, Ресейден, Грузиядан және Өзбекстаннан 10 мен 18 жас аралығындағы үш мыңға жуық бала қатысып, 379 бала финалға шықты.

14 жастағы қарағандылық Нұрдәулет Сағатбек фестивальдің жалғыз Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Музыкант Дина Нұрпейісованың «Бұлбұл» күйін орындады. Ол Қарағанды облысы білім басқармасының көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернатында оқиды. Жетекшісі — Ыдырысов Нұрдәулет.

«Мен бала кезімнен музыкаға әуес болдым. Бірақ мен домбыраға 11 жасымда жазылдым. Үш жыл ішінде мен 13 күй мен бір ән жаздым, әнді ата-анама арнадым. Сөзін Өркен Мұңайтпас жазды. Фестиваль кезінде мен қатты алаңдамадым, өйткені мен өзіме сенімді болдым және жеңетінімді сездім. Болашақта мен сазгер, күйші болғым келеді. Музыка жазғым келеді. Мен домбырадан басқа вокалмен айналысамын, фортепианода ойнаймын», — деді Нұрдәулет.

Бұл жас музыканттың еншісіндегі жалғыз жеңіс емес. Нұрдәулет республикалық және облыстық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жеткен.

Фестивальге Нұрдәулеттен басқа қарағандылық жас таланттар да қатысты. Олар сондай-ақ жақсы нәтижелер көрсетті.

Ересек топ арасындағы «Ымдау әнінде» 2 орынды «№3 арнайы мектеп-интернат» КММ оқушылары Алина Бакина мен Илья Чичулин дуэті иеленді. Жетекшісі — Литвишкова Елена;

Ересек топтар арасындағы «Аспаптық орындауда» 2-орынды «Қарлығаш» халық әнін орындаған «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы мектеп-интернаты» КММ оқушысы Нуршат Баетова жеңіп алды. Жетекшісі — Ыдырысов Нұрдәулет;

«Хореография» бойынша «№9 арнайы мектеп-интернат» КММ оқушысы Гүлнара Нұрмағанбетова үнді биімен үлкен топтар арасында 3 орынға ие болды. Жетекшісі — Жагипарова Асель.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...