Now Reading
Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезіндегі анықтамалардан босатады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезіндегі анықтамалардан босатады

Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезіндегі анықтамалардан босатады

Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезіндегі анықтамалардан босатады

Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезіндегі қағаз анықтамалардан босатады. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, елде қажетті құжаттарды жұмыс берушіге дереу қашықтықтан жіберетін жаңа қызмет сынақтан өткізілуде.

«Азаматтарға да, кәсіпшілікке де қатысты процестер бар. Мысалы, жұмысқа қабылдау. Анықтамалар адамдарға қайта-қайта беріледі, оларды алу үшін адамдар ХҚКО-ға немесе электрондық үкімет порталына келеді. Бизнес-құрылымдар сотталмағандығы туралы анықтаманы, псих-нарко анықтамасын, мекенжайды растайтын анықтаманы талап етеді. Қазір жаңа қызметті біз тестілеуден өткізіп жатырмыз, жыл соңына дейін қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, соның арқасында адамға бұл анықтамаларды алып жүрудің қажеті жоқ», — деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіб министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, жаңа қызмет жұмыс берушіге жаңа қызметкер жөнінде қажетті анықтамалары өз бетінше сұрауға мүмкіндік береді. 

«(Жұмыс беруші) ЖСН енгізеді, ол қандай ақпарат сұрағысы келетінін таңдайды. Адамға бұл деректерді жұмыс берушіге электрондық форматта беруге дайын екендігі туралы SMS (сұрақпен) келеді. Егер ол «Жақсы» деп жауап берсе, онда біз бұл ақпаратты жұмыс берушіге деректер базасынан жүктейміз. Яғни, жұмыс берушілер мен ХҚКО арасында жүру тоқтатылады», — деді министр.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...