Қостанай балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілерІ баспана кезегінің баяу жүріп жатқанына шағымданады. Кейбіреулер 10 жыл күткенімен, әлі баспана алған жоқ. Екі мыңнан астам жетім балалар кезекте тұр.
Қостанайлық бірнеше отбасы бұл жағдай жөнінде толығырақ баяндады. Олардың бірі — 33 жастағы жалғызбасты ана, Мария Резуненко. Әйел ата-анасыз өсті, қыздың әкесі 12 жасында қайтыс болды. Қазір Марияның үш баласы бар.
«Мен өзімнің жетім екенімді ұзақ уақыт бойы дәлелдей алмадым. Мен толықтай жетім болғаныма қарамастан, рудный сотында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім екенімді дәлелдейтін құжаттарды алу қиындыққа түсті. Мен кезекке 2011 жылдан бастап тұрдым. Осы 10 жыл ішінде жағдай алға өзгермеген. Біз өмір бойы күттік. Маған жатақханадан жағдайы нашар, иесі жаман, құлап, шіріп жатқан шағын бөлме ұсынылды. Сондықтан мен қазір 16 шаршы метрлік бөлмені 40 мың теңгеге жалдап жатырмын», — деді Мария Резуненко.
Марияның барлық балалары әлі мектеп оқушылары — олар 6 жастан 11 жасқа дейін. Оның айтуынша ұл балаларға орын көбірек керек. Әйел үш рет үйленді, бірақ қарым-қатынас нәтиже бермеді. Қазір ол қиындықтарды бастан кешуде, өйткені балаларды өзі қамтамасыз етеді, бұрынғы күйеулер алимент төлегісі келмейді.
«Менің әкем қайтыс болғаннан кейін, мен интернатта оқыдым. Содан кейін жасөспірімдер үйінде. Ал ол жерден жалдамалы пәтерлерге. Содан кейін мен үш балалы жалғызбасты аналарға арналған бейімдеу орталығына түстім. Ұлдардың әкесі болсын, олар ер адамның тәрбиесіне мұқтаж деген оймен, мен қайтадан қарым-қатынас орнатуға тырыстым. «.Бірақ бұл тағы да нәтиже бермеді. Ұлдар өсіп келеді, оларға жеке бөлме керек. Мен газ қызметінде жұмыс істеген кезле, Қостанайда әкімдіктің балансында тұрған, бірақ белгілі бір себептермен мұқтаждарға берілмеген бос пәтерлер бар екенің білдім», — деп түйіндеді ол.
Осындай жағдаймен редакцияға Марат Бучиевте хабарласты. Ол 2010 жылдан бастап кезекте тұрғаның айтты.
«Мен 30 жастамын. Мен үйленгенмін. Үш балам бар, төртіншісін күтудеміз. Тұрғын үй коммуникалдық шаруашылыққа үй мәселесі бойынша хабарластық. 2010 жылдан бастап әкімдіктерге бардық, олар тұрғын үй беруге уәде берді. Бірақ нәтижесіз», — деді ол.
42 жастағы Фатима Абрамова да заңда көрсетілген үйді ұзақ күтуге мәжбүр екендігіне шағымданады. Үшінші дәрежелі мүгедектігі бао күйеуімен бірге әйел бес жасар қызын тәрбиелеп отыр.
Қаңтар айынан бастап мен жұмыс істемедім, бала жиі ауырады және оны тастайтын ешкім жоқ, 12 сәуірден бастап мен жарықсыз отырдым, олар қарызға байланысты өшірілді. Менің баспана кезегім баяу қозғалады. Қазір бұл 2345-ші. Мен қайта оқығым келеді, жұмыс тапқым келеді. Өткен жылы карантинге байланысты пайда болған қарыздарды жабу үшін », — деп қосты ол.
Қаңтар айынан бастап мен жұмыс істемеймін, бала жиі ауырады және оными қалдыратыр ешкім жоқ. 12 сәуірден бастап, қарызға байланысты жарық өшірілді. Менің баспана кезегім баяу қозғалуда. Қазір мен кезекте 2345-шімін. Өткен жылы карантинге байланысты пайда болған қарыздарды жабу үшін, мен қайта оқып, жұмыс тапқым келеді», — деп қосты ол.
Қостанай қаласының әкімдігі жетім үйге мұқтаж азаматтардың кезегінде 2092 адам тұрғанын хабарлады.
«Бучиев тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізіміне және жетім балалар тізіміне 2010 жылдың 14 қыркүйегінде енгізілді. Бүгінгі күні реттік нөмірі 91. Резуненко 2011 жылдың 25 қарашасында жазылған, сонымен қатар жетім балалар тізімінде тұр. Кезекте 429-ші.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрғын үй кезекпен беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді бөлу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы санына кемінде 20 пайызы бөлінеді », — деп хабарлады Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
ҚР Индустрия және Инфрақұрылымды Дамыту Министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда 562 мың азамат кезекте тұрғанын хабарлады.
Оның 185 000-ы кезек күту тізімінде, отбасының бір мүшесіне шаққандағы күнкөріс деңгейінің бірінен төмен табысы бар. Олардың көпшілігі көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін отбасылар және халықтың басқа әлеуметтік осал топтары.