Now Reading
Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар балаларды қарттар үйіне көшірмек
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар балаларды қарттар үйіне көшірмек

Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар балаларды қарттар үйіне көшірмек

Ақтөбе қаласындағы мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығын жабу жоспарланып отыр. Ата-аналар үшін бұл жаңалық шынымен қатты соққы болды. Өйткені бұл мекеме аймақтағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің күтімі және емделуіне арналған жалғыз орын болатын.

Сергей Кокман мүгедектігі бар баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Оның ұлы ауыр аурумен ауырады. Сергей баласына қарап, сонымен бірге күн көруге ақша таба алмайды. Ерекше балаларға арналған оңалту орталығы жалғызбасты әке үшін мәселенің шешімі болатын. Бала бұл жерде алты айдан астам уақыт болды, орталықта ем алып және білім алатын. Мекеменің жақында жабылатыны туралы жаңалық Сергей үшін қатты соққы болды.

«Ұлым осында. Мен баламды тастайтын ешкімім жоқ. Мен не күтуші болып отырамын, не жұмыс істеймін. Ал балалар ше, олар қаншалықты ауыратынын ешкім түсінбейді ме?! Олар бір-біріне, ортаға енді үйреніп келеді. Бұл мен үшін таң қаларлық жаңалық, өйткені біріншіден, мекемені жауып тастайды, орнына басқа ұсыныс жоқ. Мемлекеттік мекеме ашу керек», — деді Сергей Кокман.

Жүздеген мүгедектігі бар балалардың ата-аналары да осы күйде. Олар балаларын орталық жабылғаннан кейін қайда емдету керектігін білмейді. Ауыр патологиясы бар науқастардың барлығы дерлік өз-өздеріне қызмет көрсете алмайды.

«Менің балам өздігінен қозғала алмайды, яғни өзі дәретханаға бармайды, тамақ ішпейді. Біз балаларымызбен қайда барамыз? Бұл жер бізге ыңғайлы болатын, барлық жағдай жасалған. Орталықты қарттар үйіне көшіру жоспарлануда бірақ бізге ешкім нақты жауап бермейді», — деді Алтынай Нұртанова.

Облыста мұндай балаларға арналған оңалту орталығы жалғыз. Ол 4 жыл бұрын мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде ашылған. Мектеп-интернат үшін ғимарат жалға алынды, орталықты және оның науқастарын күтіп-ұстауға барлық шығындарды жергілікті билік көтерді. Мекеменің жұмысына жыл сайын шамамен 200 миллион теңге бөлінеді. Балалар орталықтан тегін қызмет алатын. Биыл МЖМС келісімінің мерзімі аяқталады және жалға алынған ғимаратты босатуға тура келеді. Жеке орталық ашу және балаларды қабылдау ата-аналардың өздері үшін тым қымбат болады.

«Осындай балалар тәулік бойы оқитын жеке орталыққа ата-аналар қайдан ақша табады? Мен мұндай қызметтердің құнын да айта алмаймын. Жеке меншік орталықта олар айына жүз мың төлеуі керек. Олар мұндай ақшаны қайдан алады», — деді «Жайна» мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығының директоры Нұрила Жарболова.

Орталық толығымен жабылмайды деп әкімдік сендіруде. Орталық тек басқа ғимаратқа көшіріледі дейді. Қазір қарттар мен мүгедектігі бар жандарға арналған интернаттың аумағында науқастарға ғимарат дайындалуда.

«Ғимараттың бір бөлігі мүлдем бос, біз қазір жылдың аяғына дейін осы бөлікті жөндеуді жоспарлап отырмыз». Ғимарат толықтай жөнделген соң осы жүз баланы сол жерге ауыстырамыз. Ештеңе өзгермейді, балаларға бұрынғыдай жағдай жасалады. Барлық жұмысшыларды біз осында қабылдаймыз», — деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова.

Бірақ ата-аналар шенеуніктердің сөзіне сенімсіздік танытуда. Олар ауыр науқасты балаларды тасымалдау өте қауіпті деп санайды, сондықтан ескі ғимаратты қалдыруды талап етуде.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×