Now Reading
Павлодарлық оқушылар робототехниканың жаңа мүмкіндіктерін игеруде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Павлодарлық оқушылар робототехниканың жаңа мүмкіндіктерін игеруде

Павлодарлық оқушылар робототехниканың жаңа мүмкіндіктерін игеруде

Павлодар университетінде жазғы демалыстағы ерекше, пайдалы іс-шара ойлап табылды. Студенттер мектеп оқушыларына қамқорлық көрсетіп, робототехниканың жаңа мүмкіндіктерін үйретуде. Өткен жылдан бастап университет мұғалымдерге де осы дағдыларды қолдануды үйретуде. Нәтижесінде Павлодарда заманауи STEM технологияларын жүйелеуге негіз болатын педагогикалық негіз құрылды.

Бұл оқушылар университет қабырғасына бірінші рет келіп отыр, бірақ олар үлкен қызығушылық танытып отыр. Олармен жұмыс жасайтын студенттердің көзқарасы ерекше. Студенттер оқушыларға робототехника біліміндегі жаңа мүмкіндіктерді ашуда.

Үшінші курс студенті Данияр Данияров әртүрлі роботтардың дизайнын жасады. Мен балалармен жұмыс істеуге қуана келістім. Балалар өте қабілетті және жаңа материалды тез игереді Олар тіпті өздерінің идеяларын ұсынады.

Данияр Данияров, студент:

— Бұл тәжірибені студенттердің жобаларында қолдануға тырысамыз. Бізде университет базасында бизнес-инкубатор бар, ал бизнес-инкубатордың өзінде біз әр түрлі роботтарды қолдана аламыз. Робототехника STEM оқу бағдарламасының бөлімі ретінде барлық Павлодар мектептерінде оқытылады. Бірақ өте төмен деңгейде. Мектеп оқушыларының роботтарды бағдарламалау туралы түсініктері жоқ болып шықты.

Ева Головинцева, Павлодар қаласындағы №17 орта мектептің оқушысы:

— Мен жаңа білім игердім. Мысалы мен бұған дейін роботқа арнайы код жазуды түсінбейтінмін. Қазіргі уақытта мен мұны қалай жасау керектігін білемін.

Жоба робототехнологияларға жаңа даму беруге бағытталған. Павлодар индустриалды аймақ және үнемі өз ісін білетін мамандарға мұқтаж. Сондықтан балаларға робототехниканы мектептен бастап оқыту керек.

Анастасия Алиясова, ректор: — Үздік тәжірибелер жинағы құрылды. 1 қыркүйектен бастап Павлодар қаласының мұғалімдері мектеп оқушыларын заманауи әдіс-тәсілдермен оқытуды бастауға дайын болады, бұл өзара қарама-қарсы пәндер жиынтығы емес, өзара байланысты бір тұтас өнім алуға бағытталған пәндер жиыны болмақ.

Университетте 100 мектеп мұғалімдері STEM дағдыларын үйренді. Мұғалімдер мектептердегі білім беруді жүйелейді. Оқу процесіне барлық жұмыс нәтижелерін енгізу туралы білім бөлімімен келісім жасалды. Болашақта университет бүкіл аймақта жұмысын кеңейту үшін STEM-хабын іске қосады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×