Now Reading
8 маусымнан бастап Алматы қаласындағы сауда ойын-сауық орталықтары мен дүкендер қалай жұмыс істейді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 8 маусымнан бастап Алматы қаласындағы сауда ойын-сауық орталықтары мен дүкендер қалай жұмыс істейді

8 маусымнан бастап Алматы қаласындағы сауда ойын-сауық орталықтары мен дүкендер қалай жұмыс істейді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, 8 маусымнан бастап қаладағы сауда-ойын-сауық орталығы, дүкендер мен дәмханалардың жұмыс уақыты біршама өзгереді.

«Ashyq» жобасына енбеген нысандардың қызметі:

Мейрамхана, дәмхана түрлері бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (жабық):

Қызыл аймақта — сағат 7: 00-ден 2: 00-ге дейін 50% адам толтыра отырып 50 орыннан аспауы тиіс

Сары аймақта — сағат 7: 00-ден 2: 00-ге дейін 50% адам толтыра отырып 60 орыннан аспауы тиіс.

Жазғы алаңдар:

Қызыл аймақта — сағат 7: 00-ден 2: 00-ге дейін 50% адам толтыра отырып 50 орыннан аспауы тиіс.

Сары аймақта — 7: 00-ден 2: 00-ге дейін

 

Фуд-корттар:

Қызыл аймақта — сағат 10: 00-ден 22: 00-ге дейін 20% адам толтыра отырып 30 орыннан аспауы тиіс.

Сары аймақта — сағат 10: 00-ден 00: 00-ге дейін 20% адам толтыра отырып 30 орыннан аспауы тиіс.

Сары аймаққа кіретін сауда орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) апта бойы, қызыл аймақта — жұмыс күндері ғана жұмыс істей алады. Спа мен бассейндерге де осы талап қатысты.

Азық-түлік дүкендері мен ашық базарлардың жұмыс уақытында шектеулер жоқ.

0
Tags :
No More Posts