Нұр-Сұлтан қаласында «баспана мәселесі» жүйелі түрде шешілуде. Жыл соңына дейін қалада 10 мың әлеуметтік пәтер салыну жоспарлануда.
Бұл үш жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 есеге көп. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қол жетімді тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы айтып берді.
48 мыңнан астам астаналық тұрғын үй кезегін күтуде. Өткен жылы үміткерлер санаты кеңейтілді. Енді бағдарламаға өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және мәдениет және спорт саласындағы қызметкерлер қатыса алады. Сондай-ақ берілетін тұрғын үй сертификаттарының көлемін 1,5 миллион теңгеге дейін арттырдық.
Жыл соңына дейін тағы үш миллионнан астам шаршы метрді пайдалануға беру жоспарлануда.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:
Егер біз халық саны туралы айтатын болсақ, 2030 жылға қарай елордада 1 миллион 200 мың адам тұрады деп болжанады, бірақ 2020 жылдың өзінде елордада сол шамадағы адамдар өмір сүріп жатыр.
Бұл мектептер, балабақшалар, емханалар және басқа да әлеуметтік нысандар көбірек салу керек екендігін білдіреді.
Ең бастысы — баспана. Екі жыл бұрын елордада үш мыңға жуық, 2020 жылы жеті мыңнан астам пәтер салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін көтеру туралы шешім қабылданды. Негізінен бұл межеге инвесторларға қолайлы жағдай жасаудың арқасында жету көзделуде, деді әкім.
Осы үйлердің барлығын пайдалануға беру үшін инфрақұрылымды: жылу, сумен жабдықтау, электр желілері, кәріз жүйесі, абаттандыру жұмыстарын жүргізу керек. Біздің болжамымыз бойынша, 2030 жылға қарай елорда халқы екі миллион адамға дейін өседі. Біз бұған қазірден дайындалуымыз керек. Қазірдің өзінде құрылысты жоспарлау кезеңінде әлеуметтік нысандарға жаяу жүру принципі ескеріледі. Мұны «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» бас жоспары талап етеді, бүгінде еліміздің басты қаласы аталмыш жоспар аясында дамып келеді.