Now Reading
Мәжіліс азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң жобасын мақұлдады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мәжіліс азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау туралы заң жобасын мақұлдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жалпы отырыста қарастырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың кейбір санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Бұл заң жобасы 2025 жылға дейін мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде мүгедектігі бар жандар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек ардагерлері және осы сияқты санаттарды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген.

Құжат I топтағы мүгедектігі бар жандарға күтім жасайтын азаматтарға мүгедектік себептеріне қарамастан жәрдемақы енгізуді көздейді. Еңбек министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта І топтағы мүгедектігі бар жандар 66 мың адам, оның ішінде әрбір үшінші адамға күтіміне байланысты жәрдемақы да, жеке көмекшісінің қызметі де берілмейді. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтім бойынша жәрдемақы қосымша сырттан күтімді қажет ететін қосымша 24 мың адамды қамтиды.

Баланың денсаулығының бұзылуы мен мүгедектік дәрежесін ескере отырып, заң жобасында 7 мен 16 жас аралығындағы балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылған. Бұл шара ұсынылған оңалту шаралары мен әлеуметтік көмекті, оның ішінде балалар ауруының ауырлығына байланысты жәрдемақы мөлшері бойынша саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте барлық топтағы мүгедектігі бар балаларға арналған жәрдемақы мөлшері 16,7% -дан 37% -ға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балаларға әсер етеді.

Сондай-ақ заң жобасы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алу құқығын беруді қарастырады. Бұл асыраушысынан айрылған және мүгедектігі бар балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттырады. Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан жағдайда алимент пен мүгедектігі бойынша жәрдемақыны бір уақытта ала алады. Алайда бір немесе екі ата-анасы (асыраушылары) қайтыс болған кезде бала не мүгедектігі бойынша, не асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы ала алады. Осы норманы енгізген кезде 2 мың бала, мүгедектігі бойынша жәрдемақымен бірдей мөлшерде (сомасы 41 163-тен 48 023 теңгеге дейін) асыраушысынан айрылу жағдайында жәрдемақы ала алады (сомасы 12 063-тен 29 500 теңгеге дейін).

Заң жобасының тағы бір жаңалығы, егер жұмыс беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, өндірістік жарақаттанудан мүгедектік алған адамдарға мемлекет есебінен техникалық құралдар (бұдан әрі — ТҚЖ) және оңалту қызметтерін ұсыну.

Қазіргі уақытта жұмыс беруші — жеке кәсіпкер қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда бұл міндеттемелер мемлекет меншігіне өтеді. Сонымен бірге мүгедектігі бар жандар кәсіпорынды тоқтата тұру (әрекетсіздік) кезеңінде немесе 1,5 жылға дейін созылуы мүмкін банкроттық рәсімдері кезінде техникалық қолдау алу мүмкіндігінен айырылады. Осы кезеңде өндірісте мүгедектік алған адам оңалтудың техникалық құралдарынсыз қалады. Бұл шара 2 мың адамды уақытында техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге құжат мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін баспана кезегінде тұру құқығын сақтауды көздейді. Іс жүзінде мұндай отбасылар 10 жылға дейін баспана кезегінде тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін баспана алу мүмкін болмаса, онда мүгедектігі бар жан кезекке қайта тұруы керек болатын. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына баспана кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда.

Сонымен қатар заң жобасы аясында мүгедектігі бар баланы күту мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту ұсынылады, бұл зейнеткерлік төлемдер мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсер етеді.

Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетті әлеуметтік қызметтер порталына аудару қарастырылған. Сонымен қатар арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың тиімділігі мен мақсаттылығын арттыруға бағытталған басқа нормалар енгізілген.

Заң жобасының қабылдануы халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне оң әсерін тигізеді және 400 мыңға жуық қазақстандықтың құқықтарын жақсартады. Заң жобасы 55 миллиард теңге көлемінде қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Шығындар нормалары 2021-2023 жылдарға бөлінген қаражат шеңберінде іске асырылатын болады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×