Now Reading
Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектігі бар жандарға арналған «Қол жетімді қала» марафоны өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектігі бар жандарға арналған «Қол жетімді қала» марафоны өтті

Нұр-Сұлтан қаласында мүгедектігі бар жандарға арналған «Қол жетімді қала» марафоны өтті

Бүгін елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қол жетімді қала» марафоны өтті.

Марафонның ұйымдастырушысы — «Дос» Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектігі бар жандар қоғамдық бірлестігі болды. Марафонның негізгі идеясы – мүгедектігі бар жандардың арбалармен, электр мотоциклінің қондырғыларымен қала бойынша қол жетімді және жайлы қозғалысы.

«Біздің марафон Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Біз осы шара арқылы көпшілікке арбада болса да үйде отырмайтын адамдар бар екенін көрсеткіміз келеді.

Бізде электр мотоциклінің қондырмалары түріндегі құрылғылар бар. Адамдар бұл мотоцикл қосымшаларын жалға ала алады. Осылайша Елордамыздың әдемі жерлерімен серуендеуге болады. Бұл құрал бір адамға болса да тәуелсіздік сыйлайды, яғни басқалардан көмек сұраудың қажеті болмайды», — дейді «Дос» Тәуелсіз өмір» орталығы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ардақ Отарбаев.

Марафонға арбадағы 16 адам қатысты. Автошеру келесі бағдар бойынша қозғалды: Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тас жолы — Тұран даңғылы — Орталық саябақ.

«Біз республикада бірінші болып мотоцикл тіркемелері бойынша мотоцикл жарысын өткізіп отырмыз. Елордамыз мұндай марафондар мен мүгедектер арбасында жүрген мүгедектігі бар жандар үшін еркін жүріп-тұруға бірінші болып мүмкіндік беруде», — деп атап өтті Ардақ Отарбаев.

Орталықта атап өткендей бір электр мотоцикл қосымшасының құны 300 мың теңгені құрайды. Қоғамдық бірлестік осы уақытқа дейін Қытайдан 10 приставка сатып алған, бірақ болашақта қаржыландыру негізінде қосымша сатып алу жоспарланып отыр.

Ұйымдастырушылар бұл мүгедектер арбасына тағылған мотоциклдер арасындағы соңғы жарыс болмайды деп атап өтті.

«Біз жарыстар ұйымдастырамыз, қалалық марафондарға қатысамыз. Біз жыл сайын «Белсенді демалыс саябағы» іс-шарасын өткіземіз, яғни белсенді жандарды жинап, қала сыртында демалыс ұйымдастырамыз. Енді ғана жарақат алып, қайда барарын білмейтін жандар бар. Біз осындай жандарды жинаймыз, бір-бірімен араласуы үшін таныстырамыз», — дейді Ардақ Отарбаев.

Марафон барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіліп, Нұр-Сұлтан қаласының патрульдік полициясының сүйемелдеуімен өткенін айта кеткен жөн.

«Дос» Тәуелсіз өмір» орталығы қоғамдық бірлестігі мүгедектер арбасының көмегімен қозғалатын тірек-қимыл аппараты бұзылған жандарды біріктіретін ұйым. Ұйымның мақсаты – мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту, психологиялық, физикалық және экономикалық кедергілерді жою, тең мүмкіндіктер жасау.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×