Now Reading
Шетелдік Инвесторлар Отырысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Шетелдік Инвесторлар Отырысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды

Шетелдік Инвесторлар Отырысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылды

Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) пленарлық отырысы барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Адами капиталдың сапасын жақсарту аясында халықты жұмыспен қамтуға және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі міндеті еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрлар даярлау болып табылады. Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін жетілдіру мақсатында 2020 жылы «Халықтың көші — қоны туралы» Заңға шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметіне рұқсат алу рәсімдерін реттеу бөлігінде түзетулер енгізілді», — деді Қазақстанның Сыртқы істер министрі.

Сондай-ақ, Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, заңда екі және одан да көп өңірлердің аумағында жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлердің еңбек қызметіне рұқсат беру, Қазақстан Республикасының Үкіметінен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жөніндегі өкілеттіктерді беру, сондай-ақ шетелдік жұмыс күші үшін квоталар белгілеу кезінде экономикалық қызмет түрлерін алып тастау және санаттар бойынша бөлу көзделген.

Мұхтар Тілеуберді атап өткендей, өткен кезеңде барлық жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар, Кеңестің шетелдік компаниялары хаттамалық тапсырмаларды орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші пленарлық отырысы онлайн форматта өтуде.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×