Now Reading
СҚО-да паралимпиадашылар арасында велоспорттан бірінші Ұлттық чемпионат өтуде
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > СҚО-да паралимпиадашылар арасында велоспорттан бірінші Ұлттық чемпионат өтуде

СҚО-да паралимпиадашылар арасында велоспорттан бірінші Ұлттық чемпионат өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында велоспорттан жарыс өтуде.

 

Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14-20 маусым аралығында тас жолда велосипед спортынан төрт жарыс өтеді: Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты (ерлер, әйелдер), 2021 Жастар ойындары (юниорлар), командалық эстафетада ҚР чемпионаты (ерлер, әйелдер) және паралимпиадашылар арасында ҚР Ұлттық чемпионаты.

 

Бірінші күні топтық жарысты жекелей бастаған ұл балалар, содан кейін жұптық-командалық жарыстан — қыз балалар өтті. Олардың артынан паравелосипедистер жеке жарысты бастады. Басқарма атап өткендей, бұл паралимпиадашылар арасында велоспорттан тұңғыш Ұлттық чемпионат.

 

40 км топтық жарыста бірінші болып Алматы облысынан, екінші және үшінші – Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан келген велосипедшілер шықты.

 

Жасөспірімдер арасындағы жұптық-командалық жарыста 25 км жүлделі орындар келесідей бөлінді: Елена Мандракова, Нұр-Сұлтан қаласынан Нина Зайцева – бірінші орын,Бота Батырбекова, Алматы облысынан Виолетта Казакова – екінші орын және Карина Абдрахманова, Қарағанды облысынан Нина Штро – үшінші орын.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...