Now Reading
Қазақстандағы орташа зейнетақының мөлшері аталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы орташа зейнетақының мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақының мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады  .

Министрліктің хабарлауынша 2021 жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін базалық зейнетақыны төлеуге республикалық бюджеттен 342,6 млрд теңге, ал ынтымақтастық зейнетақы төлемдеріне 774,8 млрд теңге бөлінген. 

«2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2,243 миллионды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 2021 жылдың 1 маусымына 100 019 теңгені құрады», — делінген хабарламада.

Департамент 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесінде болған уақытын ескере отырып, жеке тағайындалатынын еске түсірді. Сонымен бірге еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастық жүйесінде жасалған еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер кіреді.

Сонымен егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сонымен қатар зейнетақы жинағы болмаған кезде базалық зейнетақының мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 54 пайызына тең болса, онда 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері екі пайызға артады. Мысалы 20 жыл қатысқан кезде базалық зейнетақы ең төменгі күнкөрістің 74 пайызын, 30 жыл — ең төменгі күнкөрістің 94 пайызын құрайды. 33 жыл немесе одан да көп жұмыс өтілі бар болса, ол ең жоғары мөлшерде — ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 100 мың теңгені құрады.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×