Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстандағы азық-түлік тауарларының қымбаттауына наразылық білдірді. Депутат үкіметті бағаны шектеу тәсілдерін өзгертуге шақырды.
«Қазақстандықтар үшін бірінші мәселе — олар күнделікті сатып алатын азық-түлік бағаларының өсуі. Ұлттық банк пен үкімет инфляция жылдық есеппен 7,2 пайызды құрайды деп мәлімдейді, бірақ дүкендерден біз мүлдем басқа көріністі көріп отырмыз, тамақ өнімдері екі есе өсуде.
Жақында халық картоптың килограмы 500 теңгеге дейін күрт өсуіне наразылық танытты. Бұл тектес мысалдарды әрі қарай жалғастыруға болады. Үкімет жағдайды жіті қадағалап, азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін барабар шараларды қабылдауы керек деп санаймын», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин атына сауал жолдаған Аманжан Жамалов палата отырысында.
Депутаттың айтуынша, инфляцияға қарсы тұру үшін ең алдымен монополиялармен күресу керек. Мәжілісмен жақында Ресей премьер-министрінің баға өсімінің басты себебі ретінде жеке өндірушілер мен сауда желілерінің ашкөздігін атағанын еске түсірді.
«Бұл Қазақстанға да қатысты. Біздің бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктің істері жұмбақ күйінде қалып отыр. Министрлер де жағдайды түсіндіріп жатыр, бірақ халық әлі ешқандай өзгерісті байқамады. Жақында Агенттік бағаны негізсіз өсіруді болдырмаудың алдын алу туралы айтып берді. Бұл құбылысты «жұмсақ заң» тәжірибесі деп атайды. Шын мәнінде бұл тек кезекті нәтижесіз сандырақ тәрізді», — деп қосты депутат.
Төрт айда монополияға қарсы орган жұмыртқа, сұйық май, қант, қарақұмық, сүт өнімдерінің, құс еті, макарон өнімдерінің өндірушілеріне өзара келісілген бәсекелестік әрекеттері, нарықтағы басым жағдайын осыра пайдалану белгілері бойынша 48 хабарлама берілген.
«Статистикаға жүгінетін болсақ, соңғы 12 айда жұмыртқа 33,7 пайызға, күнбағыс майы 48 пайызға, қант 26,3 пайызға, қарақұмық жармасы 29,4 пайызға қымбаттаған. Бұл агенттік хабарлама берген өнімдер тізімі. Менің ойымша, мұндай жағдайда тек сыңай танытпай, тиімді іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет», — деп қорытындылады депутат.
Мәжілісмен үкіметті әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының көтерілу себептерін талдауға, бағаның өсуін тежеудің қолданыстағы тәсілдерін өзгертуге және жеткізушілер мен сатушылар арасындағы келіспеушіліктің нәтижесінде алыпсатарлық бағаның өсуіне қарсы әрекеттерді күшейтуге шақырды.
Сонымен қатар елде атаулы әлеуметтік көмекті ұлғайту немесе халықтың әлеуметтік осал санаттарына азық-түлік сертификаттарын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, бағаларды ұстап тұру бойынша қарқынды және тиімді шараларды әзірлеу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру қажет (жауапкершілік), қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді ұйымдастыру қажет.