Now Reading
Жануарларды қорғаушылар жыл соңына дейін жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заңшығады деген үмітте
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жануарларды қорғаушылар жыл соңына дейін жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заңшығады деген үмітте

Жануарларды қорғаушылар жыл соңына дейін жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заңшығады деген үмітте

Жануарларды өсірудің жаңа ережелері, сондай-ақ байланыс зообақтарының жұмысына шектеулер енгізіледі.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң желтоқсан айында қабылданады деп күтілуде. Бұл туралы Comes қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, жануарларды қорғаушы Сергей Снегирев айтты.

«Болашақ заңда нормалар мен стандарттар анықталады. Жануарларды өсіруге шектеулер қойылады. Бұл көшеде қалған жануарлардың бақылаусыз көбеюіне жол бермейді», — деп атап өтті Сергей Снегирев.

Сондай-ақ жануарларды зарарсыздандыру мәселесі туралы айтты. Жануарларды қорғаушының айтуынша мемлекет бөлетін квоталар жеткіліксіз.

«Жануарларды қорғау ұйымдары жануарлардың көптеген санын қарауына алған. Әкімдіктің және әкімшіліктің зарарсыздандыруы көп көмегін тигізеді. Бірақ бұл операциялардың жалпы санынан 98-99% жануарларды қорғау ұйымдарына тиесілі. Үйде өмір сүретін жануарлар және көше жануарларына квоталар өте аз қалады», — деп санайды жануарларды қорғаушы.

Сергей Снегирев үй жануарлары коронавирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін деген қауесетке байланысты түсініктеме берді. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін Алматыда жануарлардың эвтаназиясы көбейді.

«ДДСҰ үй жануарларының вирусты жұқтыруы байқалмады деп нақты айтты. Алайда кейбір адамдар бәрібір осы тақырыпты көтере берді. Біз олармен байланысып, дұрыс ақпарат беру үшін түсініктеме беруге тырыстық. Бірақ олар бізден аулақ болуғатырысты. Біз Дәурен Абаевтың атына ұжымдық хат жаздық, ол жерден ресми жауап болмады», — деп атап өтті Сергей Снегирев.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...