Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында республика Тәуелсіздігінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан ардагерлерге зейнеткерлердің белсенді қартаю орталығы ашылды. Салтанат аясында шағын мереке ұйымдастырылды.
Демалыс орталығы елорданың адам ең көп жүретін және жасыл желекті жерінде орналасқан.
Облыстық қоғамдық ұйымның төрағасы Сансызбай Есілов Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Біздің еліміз 30 жыл ішінде басқа мемлекеттер ғасырлар бойы жүріп өткен жолдан өтті, осының бәрі біздің ынтымақтастығымыздың арқасында. Біз кез келген қиындықты бірге жеңеміз. Біз тәуелсіз мемлекет құрудың бастауында тұрған аға буын ретінде, өз тәжірибемізбен және білімімізбен бөліскіміз келеді», — деді ол.
Естелік сыйлықтар мен ризашылықтарды тапсыру рәсімі Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрінің қолдауымен аймақ қоғамының, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдерін тарта отырып өтті.
«Тәуелсіздік – кез келген халықтың басты құндылығы, ал қазақстандықтар үшін бұл мемлекеттіліктің қалыптасуындағы ерекше маңызды сәт. Біздің Отанымыздың, Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан ардагерлерді құрметтеу — жас ұрпақты тәрбиелеу, тарихи жадыны сақтаудың басым бағыттарының бірі», — деді өз құттықтауында «Атамның аманаты» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.
Ресми бөлімнен кейін құрметті қонақтарға белсенді қартаю орталығына экскурсия жасалды.
Еңбек демалысына шыққан қарт адамдар бос уақыттарын тиімді өткізе алады, пікірлес адамдар мен достар табады.
Демалыс орталығы Нұржол бульвары мен бірнеше алаңдардың жанында орналасқан. Сонымен орталыққа келушілер жабық үй-жайлардан бөлек, таза ауада серуендеп денсаулыққа пайдалы іспен айналыса алады.
«Қазір ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған компьютерлік сауаттылық курстарын өткізетін белсенді қартаю орталығы екі ай бұрын ресми түрде ашылды. Елорда әкімі осы орталықтың дамуына көмек пен қолдау көрсетеді. Қазір біз барлық кеңселерді қажетті жабдықтармен жабдықтауға демеушілер іздейміз. Жалпы орталық БҰҰ мен ДДҰ 2002 жылы қабылдаған бағдарлама аясында құрылды. Бағдарлама Еуропада, енді міне, Қазақстанда жүзеге асырылды. Әдістемелік оқу құралдарының негізінде жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көмегімен осындай орталықтар еліміздің басқа аймақтарында да ашылады. Біріншісі елордада, Есіл ауданында өте әдемі жерде ашылды. Оны таңдаған кезде біз қаланың кез келген бұрышынан оңай жетуге болады деген ұстанымнан өттік, жақын жерде аялдамалар бар», — деді белсенді қартаю орталығының жетекшісі Мұхтар Еркетаев.
«Атамның Аманаты» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Әлия Сағымбаеваның айтуынша, орталық адамдардың көтеріңкі рухына көмектеседі.
«Қараңызшы, қанша адам зейнетке шықты және олардың ішкі әлеуеті қаншалықты. Олар білімді, әртүрлі хоббілері мен қызығушылықтары бар. Олардың көпшілігі белсенді, спортпен шұғылданады. Зейнетке шыққаннан кейін біреу немерелері мен отбасын таңдайды, бірақ бұған қоса көп бос уақыттары бар зейнеткерлер қаншама. Бос уақыт орталығы олардың әлеуетін ашып, қызығушылықтары бірдей достар табуға көмектеседі», — деді ол.
Зейнеткерлердің бос уақыты тек шахмат ойнау мен тоқумен ғана өтпейді. Бұл орталықта таңдау әлдеқайда көп, бүгінде мұнда 9 бөлме бар.
«Орталықтың өзі кез-келген зейнеткерге өзінің әлеуетін тексеріп, оны ұзақ өмір сүруі үшін қолдануына мүмкіндік береді. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде жастар денсаулығына жеткілікті мән бермейді, ал егде жастағы адамдар қимыл-қозғалыстың артықшылығын бағаламайды. Сондықтан бізде хореография, йога бөлмесі, хор және вокалды ән айту залы ашылды. Әйелдер қауымы дефиле залын бағалап үлгерді. Қабылдау бөлмесінде барлық қажетті ақпаратты алуға болады. Сонымен қатар күндізгі сабақ кестесі көрсетілген стендтер бар», — деді Мұхтар Еркетаев.
Аға ұрпақтың денсаулығы туралы ойланып сауықтыру кабинетін аштық. Кабинеттің көптеген фитнес бөлмелерінен айырмашылығы, бізде әр адамға жеке көзқарас бар. Ауыр салмақты күш машиналары мен жаттығулары жоқ. Көбірек жүгіру жолдары, баспалдақ, велосипед және т.б., мысалы, остеохондроз, бел омыртқалары сияқты мәселелерді шешуге, сондай-ақ әлсіздік пен шаршауды жоюға көмектеседі. Бізде төрт жаттықтырушы бар. Орталыққа келер алдында келуші ПТР тест тапсырады, қан қысымы, бойы мен салмағы өлшенеді», — деп толықтырды орталық басшысы.
Шахмат клубы да осы жерден орын тапты. Бірнеше жыл бойы оларда тұрақты үй-жай болған жоқ.
«Жаттығулар әрине жақсы. Бірақ басты плюс — бұл байланыс. Мұнда сіз өзіңіздің жетістіктеріңіз туралы, немерелеріңіз туралы, сізге ұнайтын нәрселер туралы әңгіме-дүкен құра аласыз. Бұл жалғыздықтың алдын алу, жайлы психологиялық фон құру», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ мұнда технологиялармен жұмыс істеу негіздерін үйрететін компьютерлік бөлме бар.
«Біз 10 компьютер сатып алдық. Қазір бізде 1, 2 және 3 топтағы мүгедектігі бар жандар, олардың ата-аналары, қамқоршылары блім алуда. Ал сенбі мен жексенбіде біз зейнеткерлерге уақыт бөлеміз. Тренинг үшін біз қазірдің өзінде өмірлік маңызды бағдарламаларды таңдадық: egov-қа қалай кіру керек, мемлекеттік құрылымға хат жазу және басқалар. Оқыту 40 күн ішінде өтеді. Осы уақыт аралығында 10-12 адамнан тұратын топ курсты бітіреді», — деді орталық ұйымдастырушылары.
Сондай-ақ алькогольдк ішімдіктерге тыйым салынатын шай ішуге және мереке өткізуге болатын ең «басты» бөлме бар.
«Біз мұндай бөлме керек пе, жоқ па деп ойландық. Ақырында біз керек деп шештік. Орталыққа қант диабетімен ауыратындар да келеді, олар белгілі бір тамақтану тәртібін ұстанады, оларға жиі тамақ ішу керек. Мұнда мерейтойларды атап өтуге болады. Алкогольді ішімдіктер мен темекі шегуге қатаң тыйым бар», — деп қосты Мұхтар Еркетаев.
Зейнеткерлерді Тілдерді оқыту ерекше қызықтырады. Мұнда қазақ тілінен басқа ағылшын тілі де оқытылады. Тілдерді, әсіресе латын әліпбиін білу айналадағы маңдайшаларды, аялдамадағы жарнамаларды, дәрі-дәрмектердің атауын және басқаларын оңай оқуға көмектеседі. Орталық бір сағат ішінде 120 адамға қызмет көрсете алады. Келушілер саны тәулігіне 600-700 адамға жетуі мүмкін.
Орталық Достық даңғылы 13 мекен-жайында орналасқан («Нұрсая-2» ТК).