Now Reading
30-дан астам Қазақстандық магистранттар мен докторанттар Францияда «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша тегін білім ала алады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 30-дан астам Қазақстандық магистранттар мен докторанттар Францияда «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша тегін білім ала алады

30-дан астам Қазақстандық магистранттар мен докторанттар Францияда «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша тегін білім ала алады

Ұтқырлық бағдарламасы коронавирус пандемиясына байланысты мораторий енгізілгеннен бір жыл өткен соң қайта басталды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс франко-қазақстандық стипендиясы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

2021-2022 оқу жылында бірлескен ғылыми жетекшілікпен диссертация дайындап жатқан 5 докторант пен екінші курстың 30 магистранты Абай-Верн стипендиясының иегерлері бола алады.

«Абай-Верн стипендиясы магистранттар мен докторанттарға Франциядағы университеттерде француз немесе ағылшын тілдерінде оқуға мүмкіндік береді. Оны магистратураның екінші курсында оқитын Қазақстан азаматтары Францияда 10 ай оқу кезінде,  үш жыл бойы, жыл сайын 6 ай докторантурада оқитын студенттер ала алады. Мамандықтарды таңдау шектеулі емес, сонымен қатар жас шектеулері жоқ. Үміткерлерде магистратура немесе докторантура бағдарламалары бойынша француз университетіне немесе ғылыми-зерттеу орталығына алдын-ала түскендігі туралы растау хаты болуы керек », — деді директордың міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Эльмира Асан.

«Абай-Верн» стипендиясын жеңіп алған магистранттарға ай сайын 800 евро мөлшерінде, докторанттарға – 1 200 евро Ұлттық банк бағамы бойынша есептелетін болады. Сондай-ақ, стипендиаттар Франциядағы университет жатақханасында орын бөлу, ұзақ мерзімді студенттік виза және француздық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тегін тіркелу артықшылығына ие болады.

«Абай-Верн» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 4 шілдесіне дейін жалғасады. Кандидаттарды іріктеуді қазақ-француз тәуелсіз комиссиясы жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Абай-Верн» — бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің бірлескен стипендиялық бағдарламасы. Келісімге қол қою кезінде 158 қазақстандық магистранттар мен докторанттар беделді «Абай-Верн» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×