Now Reading
Қазақстандағы волонтерлерге жоғары оқу орындарына түсу үшін жеңілдіктер беру жоспарланған
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандағы волонтерлерге жоғары оқу орындарына түсу үшін жеңілдіктер беру жоспарланған

Қазақстандағы волонтерлерге жоғары оқу орындарына түсу үшін жеңілдіктер беру жоспарланған

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева волонтерлікті дамытудың Жол картасын жүзеге асыру туралы айтты.

Министр Үкімет отырысы барысында атап өткендей, соңғы жылы волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге, белсенді волонтерлердің саны 4 есеге артты.

«Пандемия кезеңінде 500 мыңға жуық азамат волонтерлік қызметке қатысып, 1 миллионнан астам мұқтаж адамға көмек көрсетілді. 80 мыңнан астам азық-түлік себеті, 4,5 миллион медициналық тауар таратылды», — деді Аида Балаева.

«Биыл біз қалыптасқан ауқымды мүмкіндіктер мен адами ресурстарды пайдалана отырып, волонтерлікті дамытудың Жол картасы шеңберінде волонтерлік қозғалысты қолдауды жалғастырудамыз. Бұл Нұр Отан партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген басымдықтардың бірі», — деп қосты АҚДМ басшысы.

Министр атап өткендей, жол картасы іс-шаралар кешенін қамтиды.

«Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде өзгерістер енгізу. Оның аясында оқу орындарына оқуға түсу және жұмысқа орналасу кезінде жеңілдіктер беру, құқық қолдану практикасы негізінде волонтерлердің құқықтары мен міндеттерін кеңейту, волонтерлердің ең төменгі жас шегін белгілеу және корпоративтік волонтерлік нормалары сияқты жаңа енгізілімдер көзделген», — деп атап өтті Аида Балаева.

Аида Балаеваның айтуынша, қазір заң жобасы жария талқылаудан өтті және оны 1 шілдеге дейін Үкіметке енгізу жоспарлануда.

«Сонымен қатар, сарапшылармен бірге Волонтерлік қызметті қолдау стандарты әзірленуде. Оның негізінде волонтерлікті дамытуды дамыту мәселелерінде мемлекеттік органдарға негізгі бағыттар берілетін болады», — деп хабарлады министр.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×