Now Reading
Биыл колледждерде білім алуға 100 мыңға жуық грант бөлінді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Биыл колледждерде білім алуға 100 мыңға жуық грант бөлінді

Биыл колледждерде білім алуға 100 мыңға жуық грант бөлінді

25 маусымда Қазақстанда колледждерге құжат қабылдау басталады. Қабылдау рәсімі жаңа ережелер бойынша өткізіледі және тегін оқуға ниет білдірушілер үшін квоталар тізімі кеңейтіледі.

Биылғы жылы педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша емтихандарды қоспағанда, қабылдау емтихандары тоқтатылды. Конкурс аттестат бойынша: міндетті және бейінді пәндердің орташа балы бойынша өткізіледі. Бұдан басқа, оқытудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі «студенттің ақшасынан» қағидаты бойынша гранттарды бөлудің жаңа тетігін әзірледі. Егер бұрын гранттар білім басқармасының колледждері арасында бөлінген болса, енді мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылатын болады.

Үміткерлер колледжге құжаттарды екі жолмен бере алады: Egov.kz немесе тікелей колледжде. Болашақ студенттер төрт мамандық пен төрт колледжге дейін таңдай алады. Конкурс аттестатта көрсетілген міндетті және бейінді пәндерді бағалаудың орташа конкурстық балы бойынша ақпараттық жүйе арқылы өткізілетін болады. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша оқығысы келетін түлектер арнайы, шығармашылық емтихандар немесе сұхбаттар тапсырады. Оларды колледжде құрылған комиссиялар жүргізетін болады.

«Конкурс екі кезеңге бөлінген: 19-22 тамыз аралығында 9-сынып негізінде оқуға түсетін талапкерлер арасында мемлекеттік тапсырысты бөлу өтеді. 11 сынып түлектерінің арасында – 22-25 тамыз аралығында. Бөлінбеген орындар болған жағдайда мемлекеттік білім беру тапсырысын орындамаған талапкерлер арасында қайта бөлу жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетіне келеді. Колледждерге қабылдау 31 тамызда аяқталады», — деді ҚР Білім және ғылым министрілігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстанда 795 колледж тіркелген, оның 454 – і мемлекеттік. Гранттарды 435 мемлекеттік колледж және 170 жеке меншік колледж алады. 2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 10 бағыт бойынша және 200-ден астам сұранысқа ие мамандықтар бойынша 97 мың орынға қалыптастырылған.

«Биыл квоталық санаттар тізімі кеңейтілді, енді квоталар 9 санат бойынша қарастырылған. Кем дегенде үш жыл бойы көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін 5%, толық емес отбасылар қатарындағы балалар үшін 1%, бала кезінен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар жандар үшін 1% квота қосылды. Баллдар тең болған жағдайда квоталық санат және аттестаттың орташа балы ескеріледі», – деп атап өтті Насымжан Оспанова.

Сонымен қатар, биыл алғаш рет барлық түлектерге білім басқармаларының ақпараттық жүйелері арқылы кәсіби диагностикадан өту мүмкіндігі беріледі. Диагностика түлектерге мамандық таңдауда көмек көрсетуге арналған және ұсынымдық сипатқа ие.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×