Now Reading
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қалай көмек көрсетіледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қалай көмек көрсетіледі

Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қалай көмек көрсетіледі

Қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтар күні (бұдан әрі – мереке) атап өтіледі. Республикада ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады.

Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмір сүру сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын 719,3 мың мүгедектігі бар азаматтың  422,5 мың еңбекке жарамды жаста (58,7%), 189,9 мың зейнет жасында (26,4%), 106,9 мың – 18 жасқа дейінгі балалар (14,9%).

«Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамға әлеуметтік интеграциясы бойынша жүйелі шараларды жүйелі түрде қабылдауда. Мүгедектігі бар азаматтардың  құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі бар, оның ішінде: жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек және қолдау; әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді атап өтуге болады»  — дейді Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Министрдің айтуынша, мүгедектігі бар азаматтар көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, есту аппараттарымен, мүгедектігі бар жандарға арналған арбасымен, санаториялық-курорттық емделумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің қызметімен және ымдау тілімен қамтамасыз етіледі. 

«Қазақстанның барлық өңірлерінде мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді және кедергісіз орта құру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде», — деді Светлана Жақыпова.

Мүгедектігі бар азаматтардың және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың мәселелерін шешу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті – мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңы, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

2023 жылғы 7 маусымда мемлекет басшысы Мүгедектігі бар азаматтардың  құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды (2023 жылғы 12 тамызда күшіне енді). Факультативтік хаттаманың қабылдануы БҰҰ Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары жөніндегі комитетінің Қазақстан азаматтарының жеке өтініштерін қарау құзыретін тану болып табылады.

2023 жылдың шілдесінен бастап әлеуметтік қорғау саласында барлық азаматтарға тең құқықтар мен мүмкіндіктер беретін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енді. Нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, сеніміне, тұрғылықты жеріне, жасына, денсаулық жағдайына, соның ішінде мүгедектікке немесе басқа жағдайларға байланысты кез келген шектеу кемсіту болып табылады және тыйым салынады.

Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында мүгедектігі бар азаматтарды  әлеуметтік қолдау шаралары айтарлықтай күшейтілді.

Сонымен 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қосымша:

• мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері 14,5%-ға келесі тұлғалар үшін ұлғайтылды: I топтағы мүгедектігі бар азаматтарға күтім жасайтын адамдар; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ана немесе әке, асырап алушы, қорғаншы (қамқоршы). Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға ұлғайтылды. Жыл басындағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер көлемінің 8,5%-ға ұлғаюын ескере отырып, олардың сомалары жылдық мәнде 23%-ға өсті.

• Spina bifida диагнозы бар мүгедектігі бар азаматтарға күніне 6 дана (жылына 2190 дана) бір реттік лубрицияланған катетерлермен қамтамасыз етіледі;

• мүгедектігі бар азаматтар үшін жөргектер саны тәулігіне 2 данадан 4 данаға дейін ұлғайтылды (жылына 1460 дана);

• ментальді бұзылыстары бар және осыған ұқсас аурулары бар балаларға санаториялық-курорттық ем алуға мүмкіндік беріледі;

• мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тартуды қамтамасыз етеді. Мүгедектігі бар азаматтың туыстары тиісті жалақысы және әлеуметтік аударымдары бар жеке көмекші ретінде тіркеле алады;

• арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары (бұдан әрі – МӘҚК) қайта қаралады және 2025 жылдан бастап көрсетілетін қызметтердің жекелеген стандарттары және өтемдік техникалық құралдарға шекті бағалар түріндегі жан басына шаққандағы стандарт енгізіледі.

Мемлекет мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жақсарту бойынша жүйелі шараларды жүзеге асырады.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды (бұдан әрi — МӘЖ) алушылардың саны 538,4 мың адамды құрайды. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында мүгедектік бойынша жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 298,5 млрд теңге бөлінді. МӘЖ мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген өмір сүру минимумына байланысты болады.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша МӘЖ орташа мөлшері 68 464 теңгені құрады.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақылардан басқа, еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алады. Төлемдер сомасы жеке-жеке болып табылады және келесілерге байланысты болады: соңғы 2 жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке жарамсыздық деңгейі, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табыстың орнын толтыру. 

Мәселен 9 айдың қорытындысы бойынша 96,2 мыңнан астам адам еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда жалпы сомасы 28,2 млрд теңгеге әлеуметтік жәрдемақы алды. 1 қазандағы жағдай бойынша орташа әлеуметтік төлем 45 943 теңгені құрайды.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 2020 жылы мүгедектігі бар азаматтарға техникалық құрал-жабдықтарды (бұдан әрі – ОТҚ) және оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – ӘҚП) іске қосылды. ӘҚП іске асыру мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламаларын іске асыруды 2022 жылы 90,8%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ тұрғылықты жеріне қарамастан қызметтерге және ОТҚ қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бұл ретте Әлеуметтік кодекс шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың жанындағы Әлеуметтік қызметтер порталы бойынша комиссияларға өнім беруші төмен сапалы қызмет немесе өнімді ұсынған болса ӘҚП-дан шығару және оларды жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау құқығы берілген. 

Қағазбастылықты, көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы байланысты жою, мүгедектік тобын белгілеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізудің сырттай форматында пилоттық тәртіпте жоба іске асырылуда. Мүгедектік тобын анықтау қызметтерін алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді біріктіру есебінен оның қатысуынсыз өтеді. Қазіргі уақытта жобаға 740-тан астам медициналық ұйым қосылған. 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен 49 мың өтініш сырттай форматта қаралды.

Пайда болған әлеуметтік проблемаларды жеңу және мүгедектігі бар азаматтардың қоғам өміріне қатысуына мүмкіндіктер жасау мақсатында стационарлық, жартылай стационарлық және үйден күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Қажеттілікке байланысты арнаулы әлеуметтік қызметтер 8 бағыт бойынша көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбектік, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық.

Мүгедектігі бар азаматтарға 740-қа жуық мемлекеттік ұйымдар АӘҚ көрсетеді, оның ішінде: стационарлық үлгідегі 118 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме, 87 мемлекеттік күндізгі емдеу орталығы, 34 мемлекеттік оңалту орталығы, 505 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері.

Қолданыстағы стационарлық ұйымдар желісіне балама күндізгі күтім мен үйде әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады, бұл өз кезегінде адамды отбасында ұстау арқылы отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған шара. Нәтижесінде бұрын стационарлық мекемелерде жатқан 800-ден астам бала отбасыларына қайтарылды.

Бүгінгі күні АӘҚ-мен қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік тапсырысты еліміздің барлық аймақтарында 189 ҮЕҰ жүзеге асыруда (2009 жылы – 4 ҮЕҰ).

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту шеңберінде келесі мәселелер бойынша жұмыс топтарында жұмыс басталды: АӘҚ стандарттарын және тарифтерді белгілеуді жетілдіру; арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін монополиясыздандыру және деинституционализациялау; әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі.

Сонымен қатар еліміздің 12 облысында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Абай, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары, Алматы, Астана, Шымкент қ.) 150 төсек-орындық жаңа ірі оңалту орталықтарының (бұдан әрі – ОО) құрылысы басталды.). Қазірдің өзінде Абай ауданы, Семей қаласында оңалту орталығы пайдалануға берілді. 2023 жылдың соңына дейін Түркістан облысының Кентау және Жамбыл облысының Тараз қалаларында құрылыс аяқталады деп күтілуде.

Сонымен бірге «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен еліміздің 8 облысында (Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары, Алматы және Шымкент) аутизм спектрі бұзылған және басқа да психикалық ауытқулары бар балаларға арналған күндізгі күтім орталықтарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік кодексте көзделген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде жан басына қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерді кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жоспарлануда. Мүгедектігі бар азаматтар тұратын жерлерде сыйымдылығы төмен тұрғын үйлер оның ішінде ауылдық жерлерде салынатын болады.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап еліміздің 7 облысында (Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында) балаларға арналған шағын үйлердегі арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба түрінде жаңа тәсілдерді енгізу басталды. 

Бүгінгі таңда шағын сыйымдылықты үйлер Қарағанды, Көкшетау, Түркістан, Шымкент және Астана қалаларында жұмыс істеуде. Онда 100-ге жуық мүгедектігі бар балаға қызмет көрсетіледі.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×