Now Reading
Мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімді орта: Қазақстанда қандай жұмыс жасалуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімді орта: Қазақстанда қандай жұмыс жасалуда

Мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімді орта: Қазақстанда қандай жұмыс жасалуда

Қазақстан 2015 жылы ратификациялаған Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектігі бар жандардың басқалармен тең дәрежеде қалалық, сондай-ақ ауылдық аудандардағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жүйелерді қоса алғанда, көлікке, ақпарат пен байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдайды. Осыған байланысты Еңбек министрлігі мүгедектігі бар жандар үшін кедергісіз қолжетімділік үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспардың бағыттарының бірі кешенді қолжетімділік және кедергісіз орта болып табылады. Осы бағыт шеңберінде «ақылға қонымды бейімдеу» ұғымын заңнамалық деңгейде бекіту, мүгедектігі бар жандар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің қолжетімділігін міндетті қамтамасыз ету талаптарын белгілеу бөлігінде заңнаманы жетілдіру көзделген.

«Ұлттық Жоспар шеңберінде қойылған міндеттерге қол жеткізудің нысаналы индикаторлары: 

— Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы ұйымдары қызметтерінің қолжетімділігі; 

— қоғамдық көлік бағыттарының қолжетімділігі; 

— мүгедектігі бар жандардың қолжетімді ортаға құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін сарапшыларды аккредиттеу; 

— мүгедектігі бар жандар және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін басым әлеуметтік маңызы бар объектілердің қолжетімділігі болып табылады», — деп атап өтті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде. 

Бүгінгі күні халықтың өмір сүруі үшін қолайлы орта құру үшін қолданыстағы нормативтік — құқықтық және техникалық база құрылыс процесінің әрбір кезеңінде (жобалау және құрылыс кезінде) барлық қажетті талаптарды қамтиды.

Бұл жұмысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекет басшысының 05.10.2018 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 62-тармағын іске асыру мақсатында бекітілген Жол картасының іс-шараларын орындау шеңберінде жүргізді. 

2021-2025 жылдар кезеңінде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қоғамдық бақылаудың өңірлік топтарының жұмысын жандандыруды және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жүргізілген бейімдеу сапасы тұрғысынан жергілікті атқарушы органдар бейімделген 22 мың әлеуметтік-көлік инфрақұрылымы объектілеріне мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.  

«2021 жылдан бастап жыл сайын көрсетілген объектілердің жалпы санынан (22 000) 4 400 объект (жалпы санының 20%) мониторингке жатады. Осылайша, 2025 жылға қарай жоспарланған нысандардың 100% — ын қамту жоспарлануда. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мониторинг 3 091 объектіде жүзеге асырылды, бұл ағымдағы жылға арналған жалпы жоспардың 66,1% — ын құрады», — деп хабарлады Еңбек министрлігі. 

Ведомствоның мәліметінше, «мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында «қолжетімділіктің интерактивті картасы» бөлімі іске асырылды, ол жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі туралы мәліметтермен толықтырылады. 

Портал әрбір объектінің қолжетімділігін бағалауға, пікір қалдыруға мүмкіндік береді. 

Портал: Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі туралы жергілікті атқарушы органдардың деректерін цифрландыруға және жүйелендіруге мүмкіндік берді; 

— объектілердің қолжетімділігі туралы жұртшылықты көпшілік алдында хабардар етуге ықпал етті; 

— мүгедектігі бар жандардың әлеуетті қатысуын бағалау негізінде объектілерді түгендеу және бейімдеу өңірлік жоспарлары арқылы объектілерді бейімдеу бойынша пәрменді шаралар қабылдау.

Бүгінгі күні жүйеге 35,6 мың нысанның деректері енгізілді, оның ішінде 524 — і есту қабілеті бұзылған адамдар үшін, 69 — ы көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімді, сондай-ақ 33,9-ы мүгедектігі бар жандар үшін, 24,1-і есту қабілеті бұзылған адамдар үшін, 32,5-і көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, 33,3-і тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін ішінара қолжетімді. 

Еңбек министрлігінде атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс 2021-2023 жылдарға арналған мүгедектігі бар жандар үшін 100% кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасы шеңберінде жалғасуда.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×