Now Reading
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балалар еңбегін қанаудың 14 фактісін анықтады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балалар еңбегін қанаудың 14 фактісін анықтады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі балалар еңбегін қанаудың 14 фактісін анықтады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері 14 кәмелетке толмаған балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзудың фактілерін анықтады.

 

Министрлікте хабарлағандай, жұмыс берушілер 14 жасөспіріммен еңбек шартын жасамай, оларды жұмысқа тартты. Бұл ретте балалар жұмыс күні бойы еңбек етті. Бұл балалар еңбегін пайдалануға қарсы ұлттық ақпараттық науқан кезінде анықталды.

 

Іс-шара аясында балалар еңбегін пайдалану мәселесі және оның бала мен қоғам үшін салдары туралы түсіндіру әңгімелері мен халықты хабардар ету жүргізілді.

 

«Ақпараттық науқан еліміздің барлық өңірлерінде өткізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында Түркістан, Қарағанды және Ақмола облыстарында балалар еңбегін заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Кафеде даяшы және құрылыс алаңдарында жұмысшы болып жұмыс істеген он төрт жасөспірімнің құқықтары бұзылды. Жұмыс берушілер оларды заңсыз толық уақытты жұмысқа тартты, дегенмен заң бойынша 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға қысқартылған жұмыс уақыты белгіленуі керек. Сондай – ақ, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен еңбек шарттары жасалмаған», — деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

 

Балаларды еңбекке заңсыз тарту фактілері анықталғаннан кейін жұмыс берушілермен және кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен түсіндіру әңгімелері өткізілді.

 

Айта кетейік, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес, он төрт жасқа толған оқушыларға оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі. 14-16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағаттан, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 36 сағаттан артық жұмыс істемеуге тиім салынған. Бұл ретте кәмелетке толмаған адамның өзімен, оның ата-анасымен, қорғаншысымен, қамқоршысымен немесе асырап алушымен еңбек шартын жасасу міндетті.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×