Жаз — демалыс уақыты. Бірақ көптен күткен демалыс соңы сергелдеңге айналса не істеу керек? Владимир Ишин алты айдан бері бұл сұраққа жауап іздеп келеді.
Зейнеткердің айтуынша, туристік агенттіктің өкілдері қарт ерлі-зайыптылардың сеніміне кіріп, жолдама ұтып алдыңыздар деген өтірікті алға тартып алаяқтық жолмен олардан жарты миллион теңгесін жымқырған.
Елорда тұрғыны әділдік іздеуде аянып қалмауға дайын. Зейнеткер адвокатпен бірге осыған ұқсас өтіріктен алданған туристерді іздеуде. Сыйлық ретінде уәде етілген жолдама орнына зейнеткер Владимир Ишин қалтасына бір бума құжаттар топтырып алған. Бұл құжаттар туристік компаниядан алынған.
Алты ай бұрын зейнеткерге белгісіз нөмірден қоңырау түскен. Хабарласқан дауыс өзін туристік фирма агенті ретінде таныстырған. Ол ерлі-зайыптылар жолдама жеңіп алғанын хабарлап, кеңсеге келулерін өтінген.
Владимир Ишин, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
— Олар бізді бір кеңсеге апарып әңгімелесе бастады. Содан біз бірден сол жерде ақшаны жедел төлеуіміз керек болды, ертең әкелеміз, төлейміз деген сөзімізге құлақ аспады. Фирма агенттері бүгін төлеңіз деп тұрып алған. Мен қазір мүмкін емес деп айттым. Бірақ агент жігіт бізге өз көлігін беріп, барып ақша алып қайтыңыз деген. Ақыры Владимир жұбайы машинамен үйіне барып, бірге еріп барған фирма өкіліне 440 мың теңге ақшасын берген. Кейінірек белгілі болғандай, зейнеткерлер билет емес, қонақ үйде бір апта тұру құнын төлеген. Туристік фирма менеджерлері өте сыпайы болды, — дейді Владимир. Сондықтан ерлі-зайыптылар құжаттарға қол қойып, ақшаны қалай беруге келіскендерін тіпті түсінбей де қалған.
Владимир Ишин, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
— Менің қызым да телефон соғып, егер мүмкін болс жолдаманы басқа қалаға ауыстыруды өтінген. Оларды жауабы жоқ, демалыс тек сол жерде, шетелде дегеннен аспаған. Меніңше бұлар алаяқтар, оларды соттау керек. Жарайды, мен алдандым, мен 73 жастағы қартпын, сауатым шамалы. Менен өзге қаншама жан алдануы мүмкін.
Зейнеткерлер аталмыш дерек бойынша полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғаған, бірақ көп ұзамай қылмыстық кодекстің бұзылу белгілерін анықтамағандығына байланысты іс тоқтатылған.
Эльмира Шауленова, Нұр-Сұлтан ұаласының ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Полицияға алаяқтық жолмен ақшасын иемденген ЖШС қызметкерлеріне қатысты шара қолдану туралы 74 жастағы астананың азаматы Ишина жүгінген болатын. Аталған дерек бойынша алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында бұл жағдайда көрсетілген адамдар арасында азаматтық-құқықтық қатынастар орын алғаны анықталды, олар азаматтық іс жүргізу барысында шешілуі керек.
Қарттардың құқығын сотта адвокат Аржан Сәдуақас қорғайды. Процесске дайындық кезінде ол туристік ұйымның қызметін егжей-тегжейлі зерттеп, оның жұмыс істеген 10 жыл ішінде атауы, мәліметтері мен мекенжайлары бірнеше рет өзгергені туралы ақпарат тапқан.
Аржан Сәдуақас, заңгер:
Туристік компания клиенттерінен алаяқтық жолмен ақша алып отырған. Өткен жылы, оның алдыңғы жылдар ішінде оларға қарсы көптеген сот ісі жүріп жатыр. Талдау барысында бұл компания заңға қарсы алаяқтық әрекеттермен айналысады және қылмыстық әрекеттері алаяқтық болып табылады деген қорытындыға келдім.
Келісімде көптеген даулы жерлер бар дейді адвокат. Мысалы келісімшарт тек тараптардың біреуінің пайдасына жасалған. Шындығында бұл екінші тараптың барлық заңды құқықтарын бұзады.
Аржан Садуақас, адвокат:
— Бұл келісім стандартты келісім, құжатқа ешқандай өзгеріс енгізуге құқығы жоқ, бірақ олар өзгерістер енгізген. Бұл келісім стандартты болып табылады, өйткені оны мемлекет мақұлдаған.
Жағдайды түсіну үшін құқық қорғаушы Аржан Сәдуақас әріптестерімен бірігуге ниетті. Құқық қорғаушы шағымдарды жинап, қылмыстық істі сотқа жіберу үшін барлық алданған адамдарды табуды көздейді.